Аяғын маса шаққан жігіт жантүршігерлік дертке шалдықты
Қысқа сілтеме алу
«Піл ауруына» шалдыққан ер адам қоғам мен биліктен қаржылық көмек сұрады
АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Пәкістан азаматының аяғы маса шағып алғаннан кейін ісіп, ұлғайып кетті.
Бес баланың әкесі Шахид Хуссейн (Shahid Hussain) орасан зор көлемді аяғымен жүре алмай, төсек тартып жатыр, деп хабарлайды The Sun.
Шахид Хуссейн Наушахро-Ферозе округінде тұрады (Пәкістанның Синд провинциясындағы округтердің бірі – Sputnik Қазақстан). Ол элефантиаз, яғни «піл дертіне» шалдыққан. Бес жыл бұрын аяғынан маса шағып алғанда, осындай жантүршігерлік науқасқа душар болыпты.
Піл ауруы – тері мен тері астындағы жасушалардың дертке шалдығып ұлғаюы нәтижесінде қандай да бір дене бөлігінің шамадан тыс өсіп кетуі. Бұл аурудың қоздырушысы – паразиттік нематода (домалақ құрттар). Ашық дереккөздерге сүйенсек, масалар осы құрттардың таратушысы болып саналады.
Пәкістандық жігіт қоғам мен жергілікті биліктен қаржылық көмек сұрайды. Жұмысқа жарамсыз болып қалған ол емделуге ақша таппай отыр екен.
«Жағдайымыз жақсы еді, қазір бәрі өзгерді. Ақша жоқ, қызымыздың тойына жинаған қаражатымызды ұстап қойдық. Мен әшекей-бұйымдарымды саттым, қазір күніміз туыстарымызға қарап қалды. Не істермізді білмейміз», — деді науқастың әйелі Фатима Daily Mail басылымына берген сұхбатында.
Дәрігерлер Пәкістан азаматына ел астанасы – Исламабад қаласындағы медицина ғылымдары институтына қаралуға кеңес берді. Алайда ер адамның қаражаты жоқ.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/