Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаев полицейлерді сотқа берді — Ел жаңалықтары

0

Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаев полицейлерді сотқа берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық сотының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестірушісіне сілтеме жасап.

Тұмабаевқа қатысты іс Риддер қаласының сотында қаралып жатыр.

Соттағылардың айтуынша, Тұмабаев Қарақұлов пен Қайратов есімді полицейлердің ол жайлы расталмаған мәлімет таратқандары үшін 3 миллион теңге өндіріп алуды талап еткен. Айтуынша, полицейлер экс-әкімді жол апатын жасаған кезде мас болғанын айтқан. Осылайша Тұмабаевтың өтініші ішінара қанағаттандырылып, полицейлердің бірінен 100 мың теңге өндіру туралы шешім шыққан.

YK-news.kz мәліметінше, сот Қуат Тұмабаевтың көлікті тоқтату туралы талапты орындамағаны жайлы мәліметтің шындыққа жанасатынын және ол мәліметтің расталғанын хабарлады.

Осылайша полиция қызметкерлерінің екеуі де қызметтерінен босатылды, себебі олар пара алды деген күдікке ілінген болатын. Қайратовқа қатысты мәлімет расталды, ал Қарақұловқа қатысты мәлімет расталмады. Енді Қарақұлов сот арқылы кінәсі жоқ екенін дәлелдеп, қызметіне қайтып келмекші. 

Еске сала кетейік, Қуат Тұмабаев Риддерде адам өлімімен аяқталған жол апатының куәгері болған еді. Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 15 сәуірінде шамамен сағат 21.00-де болды. Кейінірек Өскемен әкімінің адам қаққан шенеуніктің көлігінде болғаны анықталды. Жол апатынан ер адам қаза тапқан еді.

Кейінірек тамыз айында Қуат Тұмабаевтың Өскемен әкімі қызметінен кеткені хабарланған болатын.