ЕАЭО Үкімет басшылары цифрландыру келешегін талқылау үшін Алматыда бас қосты
Форумның басты мақсаты — ЕАЭО мемлекеттерінің цифрлы экономикасының жедел дамуына мүкіндік беретін ортақ шараларын жасау болып табылады.
Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ Үкімет басшылары цифрландыру мәселелерін талқылау үшін Алматыда бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл форум Еуразия инновациялық экожүйесін дамытуға бағытталған. Жиынды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өткізіп жатыр. Биыл алқалы жиында әлемнің ірі ІТ компанияларының негізін қалаушылар, халықаралық ІТ технопарк басшылары, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сингапур, Швейцария және ТМД елдері технологиялық индустриясының 50-ден аса өкілі озық тәжірибесімен бөліседі.
«Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0.» шеңберінде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Армения вице-премьері, Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының төрағасы пленарлық отырысқа қатысады.
Қатысушылар Еуразия технопарктерінің интеграциясы перспективаларын, ортақ инновациялық жобалар құру мүмкіндігін, ІТ саласындағы стартап компанияларды қолдау мәселесіндегі тәжірибелерімен бөліседі. Одан бөлек ЕАЭО цифрландыру күн тәртібіне сәйкес инновациялық экожүйе, 4.0 Индустриясының дамуы, тұрақты даму көрсеткіштеріне жету, ШОБ цифрландыру мәлесесіне бағытталған 5 панельді отырыс жоспарланған.
Айта кетейік, «Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0.» дәстүрлі форумы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп келеді. Алқалы жиын ЕАЭО мүше елдері арасында цифрлық технологияларды біріге дамытуға бағытталған.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/