Нөсер жауыннан соң Алматы тұрғындарын -19 градус аяз күтіп тұр

0

Алматыда таңертеңнен бастап жауған жаңбырдан соң қала тұрғындарын 19 градусқа дейін аяз күтіп тұр деп хабарлайды Gismeteo.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сәрсенбі және бейсенбі күндері, яғни 6 және 7 ақпанда Алматыда ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Күндіз сынап бағанасы -9-10 градусты көрсетсе, түнде бұл көрсеткіш -19 градусқа дейін барады.

 

Ауа райы болжамына сәйкес, бүгін оңтүстік астанада жаңбырдан басталған қар ертең таңертең де жалғасын табады.

Ақ ұлпа қар келесі аптаның сейсенбі күнінен бастап жұмаға дейін жауады.

Дереккөз: kaz.nur.kz