Алматыда есірткі сатқан Ауғанстан және Пәкістан азаматтары құрықталды
Алматы қаласында есірткі сатушы топ құрықталып, 97 келі марихуана тәркіленді. Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Күдіктілер уақытша қамау абақтысына жеткізілді. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алматы қаласында 2018 жылы ҰҚК қызметкерлері 14 есірткі сату фактісін анықтап, бес халықаралық есірткі зат тасымалдау арналарын жапты.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде 36 қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздеу шарасы барысында 84 келі есірткі және психотропты зат анықталған. Оның 76 келісі героин болса, сегіз келісі синтетикалық есірткі.
Құрықталған адамдардың ішінде екеуі шетел азаматтары болса, 10 адам отандастарымыз.
Дереккөз: kaz.nur.kz