Менің алғашқы программам

0









Менің алғашқы программам

Автор: Құнафиянов Нұрым

Бағыты: Информатика Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 5 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-01


Материал туралы қысқаша түсінік

Информатика пәні бойынша 5 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары




Сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: IIІ тоқсан5.3Б-бөлім. Талқылау және программалау Күні:Сынып: 5 Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Құнафиянов Нұрым

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы: Менің алғашқы программам
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.3.3.1- тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch)
Ойлау дағдысы Түсіну, талдау, қолдану
Сабақ мақсаттары Барлығы: Scratch ойын программалау ортасында жұмыс жасай алады. Көпшілігі: Мұғалім көмегімен алғашқы программа құра алады. Кейбіреуі: Өз бетімен алғашқы программа құра алады.
Бағалау критерийлері
  • Scratch бағдарламасында алғашқы программа жасай біледі;
  • Тармақталу және цикл командаларын қолданып программа құра біледі;
  • Scratch бағдарламасында фонды, қадам санын өзгерте отырып, анимация құра біледі.
  • Тілдік мақсаттары Түйінді сөздерді білуГрафикаграфикаgraphics СызучерченияScratch Диалог жазылым үшін сай келетін тіл стилі:Спрайт, скрипт, графика, анимация
    Құндылықтарды дарыту Оқушылар жұмыс жасау барысында бір-бірімен ынтымақтастықты орнатады. Өз бетінше білім алуды қалыптастыру.Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.
    Пәнаралық байланыстар Ағылшын тілі. Математика. Бейнелеу өнері
    Бастапқы білім Scratch жұмыс ортасымен таныс

    Сабақ барысы

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
    Сабақтың басы7 минут Шаттық шеңберін құрып, «Жүрек жылуы» тренингін ойнату. Мақсаты: оқушылар бір-біріне жүрек жылуын сыйлап, әр оқушы бір-біріне мейірімді, қайырымды, жылы сезімге толы екенін, жақсылықтын бәрі жүректен шығатынын жеткізу. Жүрекшенің екінші жағында топ аттары бойынша топқа біріктіріледі.Топқа бөлу (стикерлер арқылы)1-топ: «Спрайт»2-топ: «Скрипт»3- топ: «Скретч»Үй тапсырмасын тексеру:«Ыстық орындық әдісі» әдісіОртаға бір оқушы шығады, ал басқа оқушылар оған өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.Мақсаты: оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін тексеру, есте сақтау қабілеттерін анықтау, ой жинақтау.

    Сурет

    Сабақтың ортасы20 минут Бүгінгі біздің мақсатымыз ойын программасында әр блоктың командаларымен танысып, фондар кітапханасынан спрайт алып, фон беріп программада қадам санын енгізіп, өзгертіп үйренеміз. Scratch ортасында блоктармен конструктор жинағандай блоктарды құрастырып программа жасап көреміз. Мақсаты: оқушыларды топтық жұмыс жасауға баулу, өз ойларын ашық жеткізе білуге үйрету, Scratch ортасымен танысу. Постер қорғау. Әр топ берілген тапсырмалар бойынша постер дайындайды, қорғайды. (Топтық жұмыс)1-топ: Программалау тілі2-топ: Программаның жазылу түрлері3-топ: Scratch ортасы1-тапсырма:Қай блок командасына жататынын анықтап, сәйкестендір:

    Дecкриптор: тапсырма арқылы блок командаларының қандай қызмет атқаратынын біледі.

    Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру(әр жауапқа бір конфет)

    2-тапсырма: Себебін анықтап Неліктен пайдаланамыз бөліміне жауап жазады.

    Дескриптор: Фон және спрайттар кітапханасын қолдана алады.

    Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру (әр жауапқа бір конфет)

    3-тапсырма:

    «Сүңгуір» және «Балық» скрипттеріндегі айырмашылықты анықтаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз._____________________________________________________________________

    Дескриптор: берілген интерфейсті көре отырып бағдарламаның қайсысына жататынын анықтайды.

    Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру(әр жауапқа бір конфет)

    4-тапсырма: Scratch ойын бағдарламалық ортасында қолданылатын циклдік командаларды белгілеңіз. Дискриптор жазу: циклдік командаларын айыра біледі.Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру(әр жауапқа бір конфет)

    5 — тапсырма. Төменде көрсетілген кейіпкер мен фон түсін ойын программа ортасында орында.Кейіпкерді қозғалысқа келтіріп, командаларын дәптерге жазып көрсет.

    Дескриптор: Көрсетілген кейіпкер мен фон түсін ойын программа ортасында қозғалысқа келтіріп орындайды.

    BilimLand.kz бейнебаян

    Тапсырмалар

    Үлестірмелі материал

    Сабақтың соңы10 минут Қорытындылау«Джиксо» әдісімен Сенсорлар блогы қандай?Қозғалыс блогы қандай қызмет атқарады?Дыбысты қай блок арқылы қоямыз?Фон және спрайттар кітапханасынан не алуға болады?Scratch ойын бағдарламалық ортасында қолданылатын циклдік командаларды ата. Scratch ойын бағдарламалық ортасында қолданылатын тармақталу командаларды ата.

    Қалыптастырушы бағалау: вазада тұрған конфеттен таратып беру(әр жауапқа бір конфет)

    «Бағдаршам» әдісі кері байланыс алуҮй жұмысы: Scratch ойын бағдарламалық ортасында циклдік, тармақталу блоктарды қолданып екі бағдарлама жаса. Кітаптан оқы.

    Оқулықпен жұмыс, 26-28 б.б., компьютердегі тәжірибелік жұмысты ДК-де орындайды

    Рефлексия3 минут Әңгімелесетін әріптестерӨткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:жаңа оқылған 3 факті туралы;оларға жеңіл болып көрінгендер туралыоларға қиын болып көрінгендер туралыалдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
    Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
    1.Диалог және қолдау көрсетуДиалог және қолдау көрсету тәсілі бойынша оқушыларды ойландыру үшін және жауаптар алу үшін алдын-ала дайындалған сұрақтар, тапсырмалар беремін. Қалыптастырушы бағалау:

  • «Кері байланыс бутерброды»
  • «Бір сөйлеммен түйіндеу»
  • «Әңгімелесетін әріптестер»
  • Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы дескриптерлер
  • Қарқын:Сыныптағы саралау жұмысын тапсырма тәсілі бойынша білім деңгейлері әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар беремін. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін бақылай отырып саралаудың қолдау көрсету тәсілі арқылы тапсырмаларды орындауда көмек көрсетем.Тапсырма: Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып және қажеттіліктеріне қарай тапсырмалар қарастырдым.

    1.Компьютерде дұрыс отыру ережелері сақталды2. Компьютерді қосу және ажырату ережелері сақталды







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.