«Мәйітін бөлшектеген»: Ақтауда ғашығының көңілдесін өлтірген азамат сотталды
Ақтау қаласында сүйіктесінің көңілдесін балғамен ұрып өлтірген азамат 11 жылға бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды ИнАктау-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтау қаласында өткен жылы орын алған қайғылы жағдайға енді ғана нүкте қойылыпты.
Сот мәліметтерінен 2018 жылдың 25 маусымында ақтаулық келіншек үйіне бірге тұру үшін жаңа көңілдесін ертіп келгені белгілі болды. Оларды бұған дейін қызбен бірге тұрған оның бұрынғы сүйіктісі күтіп отырған.
Мәселенің басын ашу мақсатымен үшеуі сөйлесу үшін емес, ішімдік ішу үшін столға жайғасыпты.
Масайған ер адам сүйіктісін жаңа жігітінен қызғана бастапты. Ақыры ол жәбірленушіні балғамен ұрып өлтіріп, бірнеше рет пышақ жарақатын салған.
Күдікті жасаған қылмысын жасыру үшін марқұмды бөлшектеп, әр-түрлі қоқыс жәшіктеріне бөліп тастапты.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының шешімімен күдікті Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1 тармағы бойынша «кінәлі» деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айрылды.
Ал әйел аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 432 бап бойынша 1 жыл 6 айға сотталды.
Дереккөз: kaz.nur.kz