Кітап және ғаламтор
Кітап және ғаламтор
Автор: Аббас Аяжан
Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 7 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-01
Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға керке
« Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»( А.Байтұрсынов)Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде: « Біз қазір « білім— ғылым –инновация» атты үштік үстемдік құратын костиндустриялық әлемге бағыт алып барамыз», — деген болатын. Ендеше еліміздің әлемдік үрдістерге енуі, білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені анық.Соның бірі мұғалімдердің білімін жетілдіру жаңа оқу бағдарламасы. Мұндағы жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі XXl ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында . XXl ғасыр— білім ғасыры. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай білім беру жеке тұлғаның дамуына әкелетін бірден- бір жол! Осы орайда жаңа білім беруде, жан— жақты, сауатты, құзіретті тұлғаны қалыптастыруда ұстаздар қауымына үлкен міндет пен сенім артуда. Әрине, бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс деп айтқым келеді. Бұл мен үшін құптарлық жайт. Өйткені, елбасымыз айтқандай: “ Еліміздің тағдыры— жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры— ұстаздардың қолында”. Сондықтан ұстаздар қауымына артылар жүкте,міндетте, артылар сында ауқымды. Жас ұрпаққа бағыт бағдар беретін, жол көрсететін, біздерге, ұстаздарға үлкен сенім артуда. Осы сенім мен міндетті жүзеге асыру мақсатында жан жақты ізденудемін. Жаңа оқу бағдарламасын оқу кезінде мен не үйрендім?, оқушыларға не үйрете аламын? – деген сауалдар бойынша ой қозғап көрейін. Әрине мен оқушыларға жоғары дәрежеде білім берудемін. Бірақ, міне мені толғандарытын осы бірақ. Бірақтың астында талай сыр жатыр. Соңғы уақытта ұстаздық білімімнің заман талабына сай болу керек екенін, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту мен бірге жан — жақты, бәсекеге қабілетті, құзіретті тұлғаны қалыптастыру біздің қолымызда екенін түсіндім. Сонымен қатар, оқу барысында қазақ тілін жаңа мазмұнда оқыту бойынша оқып, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат— міндеттерін біліп, оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендім. Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында әдіс-тәсілдер («шындық детекторы», «джигсо», « дауыстап оку», « орныңды тап», « Ыстық орындық», « сканерлеу», «үш фактор») және топпен жұмыс жасау cабақтың тиімді өтуіне, оқушыға қажетті төрт дағдыны ( тыңдалым және айтылым,оқылым, жазылым, әдеби тіл нормалары) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.Қорыта келе мен үздіксіз іздену керек екенін түсінгендеймін. Жаңа білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен танысып, көкейімде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алдым.Ұстаз ізденгіш, ойлай білуі, қандай істі болмасын бар ынтасымен атқара білуі керек деп ойлаймын. Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүюің керек. Жаңа оқу бағдарламасының тағы бір ерекшелігі— бізге педагогикалық мақсат нақты берілгендігінде. Мақсатты білім беру тұлға дамуын жүзеге асырады. Сол себепті де біздің оқушыларымыздың мақсаты айқын, болашағы жарқын— деп нық сеніммен айта аламын! Жаңартылған білім беруде алар асқар асуларымыз бен бағындырар биік белестеріміз көп болсын! Армансыз адам қанатсыз құспен тең. Ұлы жазушы Л. Н. Толстойдың « Арман жарық жұлдыз — онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң алға басуда жоқ, тіршілікте жоқ» — деген сөзімен қорытындыласам деймін.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.