Павлодарда әйелі үйіне кіргізбеген ер адам жедел жәрдем шақырған — новости Казахстана
Павлодарда жедел жәрдем бекетіне бір түнде қала тұрғындарынан екі рет жалған ақпарат келіп түскен деп жазады Sn.kz.
Түнгі сағат екіде жедел жәрдем қызметіне хабарласқан тұрғын баласының аяғы сынғанын айтып, дәрігерлер шақырыпты. Ақ халаттылар дереу оқиға орнына жеткен.
Алайда баланың емес, иттің аяғы сынған болып шығыпты. Осы үшін хабарласқан иттің иесіне дәрігерлер ветеринар шақыруға кеңес берген.
Дәл сол уақытта тағы бір тұрғын баласының дене қызуы түспей жатқанын айтып, жедел жәрдемге хабарлапты.
Сөйтсе, түн ішінде мас күйінде келген ер адамды әйелі үйге кіргізбей қойыпты. Ақыры үйіне кіре алмаған азамат әдейі жедел жәрдем шақырған.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz