Батыс Қазақстанда пышақ жарақатын алған ер адам ота кезінде көз жұмды — новости Казахстана
Жаңақала ауданында пышақ жарақатын алған 30 жастағы ер адам ота кезінде қайтыс болды. Тағы бір жәбірленуші хирургия бөлімінде жатыр деп жазады «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға Жаңақала ауылында болған. Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың сөзінше, белгісіз адам өз көлігімен ауруханаға, пышақ жарақатын алған 1989 жылғы азаматты алып келген.
Науқас ауруханаға 29 қаңтарда түскен. Сол күні ота кезінде ол тіл тартпай кеткен.
Айнагүл Сақпосынованың сөзінше, хирургия бөлімінде пышақ жарақатымен 1986 жылғы азамат жатыр екен.
Облыстық полиция департаменті аталмыш фактіні растады. Барлық ақпарат кейін хабарланатыны айтылды.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz