ҰҚК Алматы қаласында есірткі тобын ұстау үшін арнайы операция өткізді

0

Ұсталған тұлғалар қазіргі таңда тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті көпкезеңді арнайы операция жүргізу барысында 97 кг марихуаны тәркілеп, өңірлік есірткі тобының қылмыстық іс-әрекетін құрықтады деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінде ҚР ҚК 297-баптың 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған тұлғалар қазіргі таңда тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Жалпы алғанда, 2018 жылы ҰҚК Алматы қаласы аумағында есірткі заты заңсыз айналымының 14 фактісі анықталды, есірткі затының халықаралық заңсыз айналымы бойынша 5 факті анықталып құрықталды.

Нәтижесінде, 36 қылмыстық іс қозғалды, заңсыз айналымнан 84 кг есірткі заты және жүйкеге әсер ететін заттар, оның ішінде 74 кг героин және 8 кг синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

Есірткі затын заңсыз контрабандалық тасымалдау, сондай-ақ ұлтаралық қылмыстық топтарға қатысу фактілері бойынша 12 адам ұсталып, оның ішінде екеуі шет ел азаматы, қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Алматы қаласында 11,9 кг жоғары сапалы ауған героинін (спогетта орамасында жасырылған 39 брикет) сату барысында Ауғаныстан және Пәкістан екі азаматының ұсталуы, ҚР ҰҚК органдарының есірткі затының заңсыз айналымымен күресу аясында тиімді жұмыстары үлгісінің бірі болып саналады.

Сонымен қатар, ҰҚК келіп түскен жедел мәліметтерді талдау Қазақстан Республикасында синтетикалық есірткі заттарды тарату қоғам үшін, әсіресе жастардың арасында қолжетімділігіне және тауардың арзандылығына байланысты қауіп төндіретін күрделі мәселеге айналғанын көрсетеді.

Есірткі затының Қазақстан аумағына контрабандалық жолмен Еуроодақ, Ресей, АҚШ, Мексика және Қытай елдерінен халықаралық пошта жөнелтілімдері және логистикалық компаниялар арқылы келуде.

Өткен жылы, шетел серіктестіктерімен бірге 3 халықаралық операция жүргізілді, заңсыз айналымнан МДМА 1056 таблетка және 0,2 кг синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Жүйкеге әсер ететін есірткі затын дайындау бойынша жасырын есірткізертханаларда жұмыс істеуді ұйымдастыратын және Интернет-ресурстары арқылы есірткі затын таратумен айналысатын қылмыстық топтың іс-әрекеті жойылды. Заңсыз айналымнан 5 гк астам синтетикалық есірткі заты және 500 кг химиялық қоспа тәркіленді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/