Баламалы энергия-әлемнің болашағы.
Баламалы энергия-әлемнің болашағы.
Автор: Жумабаева Гульжан Мейрамханкызы
Бағыты: География Бөлімі: Мақала Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-01-31
Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім,оқушы,
Баламалы энергия-әлемнің болашағы. «Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың мемлекетін нығайтып көркею жолында теріңді төгіп еңбек ет,елдің де жердің де иесі екеніңді ұмытпа»деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай жеріміздің байлығын үнемдеп,болашаққа нық қадам баса отырып баламалы энергия көздерін іске қосу жолында күш қуатымызды аямайық.Болашағымыз баламалы энергия көздері екенін естен шығармайық. Баламалы энергия-күн сәулесі,жел,жер астындағы жылу және биомассаның көмегімен энергия өндіру.Энергияны баламалы жолмен өндіру көп жылдық зерттеу мен қыруар қаржыны талап ететіндігі көптеген елдердің қолын байлап отыр.Бірақ ерте ме, кеш пе бәрібір ауысуымыз керек.Соңғы жылдары дүниежүзі халықтары энергияны тым мол пайдалануда.Жалпы қоғамның дамуы мен ғылыми техникалық прогрестің тек қана осы энергия көздерін пайдалану арқылы іске асырылатыны кімге болса да белгілі. Энергетика саласы әр елдің стратегиялық маңызды салаларының бірі болып саналады.Энергетикалық қорларға бай ел басқс елдер үшін нысанға айналады.Қазіргі кезде мұнай мен газ үшін елдердің арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түсуде.Сондықтан да әлемде баламалы энергия көздерін дамыту,энергияны тиімді пайдалану,оны пайдалануды басқару өзекті мәселеге айналып отыр.Энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады.Көмірсутегі қорларының таусылуы кезінде бұл жел,күн,биогаз энергиялары-құндылығы ерекше бізге табиғаттың берген сыиы. 2008 жылғы ақпанда Қазақстан халқына жолдауында президент Н.Ә.Назарбаев «электр қуатын жаппай үнемдеу қажеттілігіне ерекше назар аударып,кәсіпорындарды қуат үнемдейтін және қоршаған ортаға зиянсыз келетін технологияларды ендіруге күш жұмсауға шақырады». Елбасы «Қазақстан 2050» стратегиясы «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында«Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға.Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді еңгізуге тиіспіз» деген еді.Сондықтан мұнай мен газ таусылғанда энергия тапшылығын көрмеу үшін қазірден бастап баламалы энергия көздерін дамытуымыз қажет. №178 лицейдің география пәні мұғалімі Жумабаева Г.М
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.