Қазақстанның екі облысында жол жабылды
Жолдардың жабылуына ауа-райының қолайсыздығы себеп болған.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының автомобиль жолдарында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазавтожол»-ға сілтеме жасап
Шығыс Қазақстан облысында екі жолда қозғалыс тоқтатылды. Бірі — «Алматы-Өскемен» автомобиль жолында (967-780 км, Қалбатау ауылы — Аягөз, 615-768 км. Алматы облысының шекарасы — Аягоз), екіншісі — «Таскескен-Бахты жолында (0-187 км. Таскескен ауылы — «Алматы-Өскемен — ҚХР шекарасы).
Алматы облысында «Алматы-Өскемен»автомобиль жолының (558-615 км) және «Үшарал-Достық» жолының бөлігі (83-184 км, Көктұма ауылы — Достық станциясы) жабылды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/