«Енең саған ана емес»: Келіндерді жақтап шыққан қыз елді шулатты

0

 

Әлеуметтік желіде енелерді кешірімді болуға шақырып, қайын әпкелердің қателігі туралы айтқан бойжеткеннің видеосы лезде тарап кетті деп жазады «Замана» басылымы.

Бойжеткен барлық енелерге үндеу жасаған.

Оның сөзінше, келіндерге артық салмақ салып, көп сын айтудың қажеті жоқ. Қыздар күйеуге шығарда жақсы келін болудың оқуын оқып келмейді екен.

«Туғанымыздан әкеміздің үйінде еркелеп, ішкенің алдында, ішпегенің артыңда болып өстік. Бір күннің ішінде биязы келін болып шыға алмаймыз», — дейді бойжеткен.

Видео авторының сөзінше, инабатты келін болу үшін кем дегенде екі жыл қажет.

«Күйеуімнің шешесі маған бөтен әйел. Ол маған ана емес, ене. Сондықтан оны анаңдай көрудің керегі жоқ», — дейді өзіне сенімді ару.

Осы орайда, барша келіндерді енемен дос болуға шақырған.

Видеоның қайда, қашан түсірілгені белгісіз

Дереккөз: kaz.nur.kz