«Ол жылап жіберді» Екі баланың анасы ұйықтап жатқан жігітті зорлаған

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

3924 0 0

40 жастағы шотландиялық әйел орнынан тұруға шамасы келмей жатқан жас жігітке тап берген

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Шотландияда жас жігітпен көңіл көтерген 40 жастағы екі баланың анасы Элизабет Бардың басы бәлеге қалды, ол түрмеге жабылуы мүмкін. 

Әйел 27 жастағы жігітпен оқиғадан бар-жоғы бірнеше сағат бұрын Глазго қаласында танысқан. Олар бірге пәтердегі сауық кешіне барады. Ол жерде Элизабеттің жаңа жігіті диванда ұйықтап қалады. Ал әйел сауық-сайранды жалғастырғысы келген, деп жазды life.ru.  

Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, шотландиялық әйел орнынан тұруға шамасы келмей жатқан жас жігітке тап берген. Пәтерде болған қыздардың бірінің айтуынша, осы оқиғадан кейін жігіт жылап жіберген көрінеді. Содан полицияға хабарлауды жөн деп тапқан.   

Дегенмен Элизабет керісінше төсекке ол сүйрегенін және бәрі өзара келісім бойынша болғанын мәлімдеді. Айтуынша, жігіт жыныстық қатынастан кейін сүйіктісінің көзіне шөп салғанын түсініп, ол біліп қоятын болды деп қорыққан. Алайда әйелге бәрібір айып тағылып, сексуалды қылмыскерлер реестріне енгізілді. Қазір ол кепілмен босатылды, бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Істі Глазго шерифінің соты қарап жатыр.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/