«ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫ БОЙЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ» баяндама.
«ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫ БОЙЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ» баяндама.
Автор: Кайрканова Анаргуль Батырбековна
Бағыты: Әдістемелік бірлестік жетекшілері Бөлімі: Ғылыми жұмыстар Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-01-30
Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми — тәжірибелік конференцияға арналған баяндама.
- өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
- табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
- оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.
- Табиғи ресурстарды үнемдеу
- Табиғи экожүйені сақтау
Өзекті тақырыбым: «Заманауи технологиялардың химия сабақтарында оқушы құзіреттілігін қалыптастырудағы тиімділігі»Зерттеу мақсаты: Жеке тұлғаға бағытталған оқыту мен тәрбиелеуді тиімді ұйымдастыру арқылы химия сабақтарында оқушыларға аймақтық компанентті енгізу негізінде экологиялық білім беру,тәрбиелеу, туған өлке табиғатын оқып, зерттеу дағдыларын қалыптастыру, танымдық құзіреттілігін дамыту.
2Міндеттері:
- Жаратылыстану ғылымдарына қызығушылықпен қарайтын оқушылардың қабілет, мүмкіндіктерін анықтайтын әдіс- тәсілдерді саралау.
- Қоршаған ортаның экология- химиялық үрдістерін талдау дағдыларын қалыптастыру.
- Туған өлкенің табиғатын аялауға,қорғай білуге тәрбиелеу.
- Өзекті тақырыпты ашу мақсатында заманауи технологияларды оқып үйрену, анықтау, іс- тәжірибеде қолдану.
Заманауи технологиялардың пәнді оқытудағы тиімділігі.Бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың заманауи технологияларын оқып- үйрену, оны меңгеру маңызды міндет болып саналады .Осыған орай мен Кембридж бағдарламасы бойынша курстан өттім. Бұл бағдарламада түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Әсіресе химия пәнін оқытуда оқушыларға экологиялық тәрбие беруде , оқушылардың шығармашылығын, ізденушілік қабілетін арттыру барысында бұл бағдарламаның тиімділігі зор деуге болады.Бұл бағдарлама топтастырылған жеті модуль бойынша тәжірибе көрсеткендей оқыту барысында тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға яғни жан-жақты дамытуға негізделген. Оқушы алдымен тәрбиеленуі керек, білім алу үдерісінде бала тәрбиеленіп және білім алу процестерін қатар алып жүреді. Әр пән бойынша оқыту барысында оқушыға білім мен қатар тәрбие түрлерін меңгертіп отыру мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Химия жаратылыстану пәндеріне жататындықтан адам мен қоршаған ортаның байланысын зерттеп, талдауға, теория мен практиканы ұштастырып жүргізуге негізделген ғылым. Соған сай оқушылардың зерттеушілік, оқығанын тәжірибемен ұштастыра алу қабілетін дамытуда жеті модулдік бағдарламаның тиімділігі жоғары екеніне көз жеткізуге болады.Кесте №1. Жеті модуль
Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулі |
Бұл әдіс- тәсілдер бала іс-әрекетінің толыққанды субъектісі болып табылады. • оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;• басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;3• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседіОсы бағдарламаны қолдана отырып өзімнің іс- тәжірибемдегі эксперимент жұмысымның нәтижесіне талдау жасаймын. Алдымен 8- 9 сынып бағдарламасы бойынша сабақ барысында мына экологиялық компаненттерді қолданамын.Кесте №1.8 сынып
№ | Сабақ тақырыбы | Экологиялық компанент |
1 | Химиялық реакциялар | Жану реакциялардың ауа құрамындағы оттегіне әсері |
2 | Оттегінің қолданылуы. Оттегінің табиғаттағы айналымы | экологиялық есептеулер |
3 | Озон. Оттектің аллотропиялық түр өзгерістері. | Тіршілік иелері үшін озон қабатының маңыздылығы |
4 | Ауа. Ауа құрамы. Ауаның ластану көздері. | Өз өлкеміздегі ауаның ластанушы көздері |
5 | Жану. Химиялық реакцияның жылу эффектісі. | Жану реакцияларының ауа құрамындағы оттегіне әсері. |
5 | Судың ластану көздері. Тазарту әдістері. | Қаламыздағы су көздерінің ластану көздері. |
6 | Газдар туралы түсінік. | Газдардың қоршаған ортаға әсері. |
7 | Тотығу, тотықсыздану. Бинарлы қосылыстардың тотығу дәрежесі. | Тотығу реакцияларының экологиялық әсері |
Кесте №2.9 сынып
№ | Сабақ тақырыбы | Экологиялық компанент |
1 | Қышқылдың, сілтінің, тұздардың диссоциациялануы | Қышқыл жаңбырдың түзілуі және зияны. |
2 | Бейметалдар. Құрлысы мен ерекшеліктері. | Бейметалдар қосылыстарының қоршаған ортаны ластауы |
3 | Күкірт оксидтері | Күкірт ангидридтерінің түзілуі. |
4 | Азот оксидтері | Азот диоксидтерінің экологиялық әсері |
5 | Тыңайтқыштар жайлы жалпы мәліметтер | Тыңайтқыштардың қоршаға ортаға әсері |
6 | Металлургия туралы түсінік | Ауыр металдардың қоршаған ортаға әсері. |
7 | Органикалық қосылыстардың құрлысы | Органикалық қосылыстардан ластануы |
Сабақ барысында 8-9 сынып бағдарламасында осы экологиялық компаненттерді қолдана отырып, оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыруға тырысамын. Осы тақырыптар төңірегінде әдіс-тәсілдерді қолдана отырып , оқушылардың өз беттерінше зерттеу жұмыстарын жүргізу қабілеттерін дамытуға, шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндік туғызамын. Сабақ тақырыптарын өту барысында экологиялық компаненттерді топпен талдауға , өз пікірлерін ортаға салуға , ақылдасып бір ортақ шешім шығаруға уақыт беремін. Яғни өз беттерінше жағдаятты шеше алуға, талдауға қалыптастыра отырып, өзімізді қоршаған ортаға әсер ететін экологиялық жағдайларға араласа алады.
4 Мысалы: «Оттегінің қолданылуы. Оттегінің табиғаттағы айналымы» тақырыбы бойынша мынадай экологиялық есептеулер шығаруға беремін. Жеңіл машина бір жарым мың шақырым жүргенде бір адамның жыл бойы тыныс алатын оттегін тұтынады. Оттегін тұтынатын өндірістің және транспорттың көбеюі ауада оның азаю қаупін тудырады. Қазір оттегі биогендік түзілуінен гөрі 10-16% көп жұмсалады. Тағы бір мысал: Бір әуе кемесі 8 сағат ұшқанда 50- 70 т.оттегі жұтады, мұның орнын толтыру үшін 25-50 мың га. орман соншама уақыт оттегін бөлуі керек. Бұл мәселені шешу үшін қандай тың ойлар ұсынар едіңдер. Оқушылар топта өз ойларын ортаға салып, мәселені шешуге тырысады. Осы мәселелерді шешу барысында оқушылар арасында пікірталас жүреді, диалог орнайды,өзін қоршаған ортаға төніп тұрған жағдайды шешуге сыни тұрғыдан ойлана алады, ең маңыздысы өзіміз дем алатын ауамыздың тазалығына әсер ететін экологиялық жағдайды шешуге тырысады.Бұдан басқа осы экологиялық мәселелер туралы ақпараттар дайындауға тапсырма беру арқылы оқушылардың ақпараттық- комуникативтік құралдарды қолдана отырып , бұл жағдайды шешу үшін қандай шаралар жасалып жатқанын біліп сабақ барысында талдай алады.9 сынып оқушыларына «металлургия» тақырыбын қарастырғанда оқушыларға алдын ала өз қаламыздағы металлургия өндіріс орындарының жұмысы мен олардан бөлінетін ауыр металдардың экологиялық әсері туралы материал жинақтауға тапсырма беріледі. Топ-топ өздері жинақтаған материалдарынан презентация жасап қорғайды. Сонымен қатар 9- 10 сынып оқушылары мен УМЗ-ға экскурция жасаймыз. Өндіріс орындарының соншалықты шығаратын өнімі мен қоса экологиялық жағдайға әсерін бағдарлайды. Сол көргендерінен қортынды шығару үшін сабақта экскурция жайында пікірлерін ортаға салып дайындалып қорғайды. Бұл жағдайда да оқушылар өндіріс орындарынан табиғатқа бөлініп жатқан түтіннің, шаңның құрамындағы ауыр металдар қоспаларының, күкірт, азот диоксидтерінің экологиялық әсерінен болатын мәселелерді болжап, қортынды жасайды. Сабақ барысында оқушының өз ойын еркін жеткізетін, ізденушілік жұмыстармен еркін айналыса алатын, өзінің келіспеушілігін білдіре алатын, өз отанын, табиғатын, жерін құрметтеп бағалай алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру барысында заманауи технологияларды қолданудың маңызды екенін осындай тәжірибелік жұмыстар арқылы дәлелдеуге болады.Әдебиеттер тізімі: .1. Нұрғазина Қ. Пәнді экологияландыру /Химия мектепте, 2005ж., №5,25-29б. 2. Қазақстан Республикасының Білім беру Заңы /Қазақстан мектебі,№5,№6,1992 ж 3. «Мұғалімдерге нұсқаулық» үш айлық курс бағдарламасы
ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫ БОЙЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ.
Кайрканова Анаргуль Батырбековна«Ахмер орта мектебі» КММ, химия пәні мұғалімі
Өскемен қаласы 2013ж.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.