Алдағы үш тәулікте еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы күтіледі
Кей жерлерде бұрқасын тұрып, қатты аяз болуы ықтимал.
Қазақстанның кей өңірлерінде сынап бағанасы 37-42 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің болжауынша, 31 қаңтарда Ақмола облысынның кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Астана қаласында таңертең және күндіз 31 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ал ақпанның 01-02 күндері аралығында Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 27-32, кей жерлерде 35-40 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
02-ақпанда Шығыс-Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 28-33, кей жерлерде сынап бағанасы 37-42 градусқа дейін төмендейді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/