«Ережеге бағынбайтын» клубтар

0

ҚПЛ клубтары арасында «Ережеге бағынбайтын» клубтар — «Қызыл-Жар», «Ертіс», «Жетісу», «Астана» және «Қайрат».

Аталмыш топтар қаржыны қайда жұмсап жатқанын айтқысы келмейді. 6 ай көлемінде Prosports.kz порталы жоғары лиганың клуб басшылықтарына кіріс-шығысы туралы ақпаратты сұрап, өтініш жазған болатын. Алайда, кейбір клубтар коммерциялық құпия деп алға тартса, кейбіреулері мүлдем жауап та бермеді.

«Қайрат» клубына келер болсақ, басшылық қаржылық деректерді айтпауға толық қақысы бар. Алайда, басқа ҚПЛ клубтары жергілікті бюджетпен қамтамасыз етіледі десек, ауадан ақша, жан­ға жайлы жағдай жасаудың қамымен жемқорлыққа жол беретіндер көп екенін ескеруіміз қажет.

УЕФА ақпарына сай, 2010- 2016 жыл аралығында ҚПЛ клубтары 42 миллиард теңге кіріс келген екен. Оның 81%-ы — мемлекеттік бюджет арқылы. Қалғаны – демушілік көмек, УЕФА-ның төлемдері. Мұндай антитопта Қазақстан футбол лигасы тек Сан-Маринодан (82%-ы — мемлекеттік бюджет арқылы) ғана оза алады екен.

Қазақстандық футболға теледидарлық құқық ешқандай да пайда әкелмеді десе де болады. Тіпті, Аршавиннің өзі де көмектесе де алмады. Еуропалық турнирлерге келсек, тек «Астана» ғана таң қалдыра алды.

Осы жарты жылда біз әлеуметтік желілердегі футбол жанкүйерлеріне ҚПЛ клубтарының бюджеттері туралы материалдар сериясын ұсынған болатынбыз. Әлбетте, көпшілік жанкүйерлер риза емес: мемлекет тарапынан жыл сайын футбол саласына мил­лиардтаған ақша бөлінеді. Соның бар­лығы құмға сіңіп жатқандай дейді.

Аймақтық әкімдіктер қаржыландыру туралы көзқарасын түбегейлі өзгертіп, командаларды  «алтын монетаға» көміп қоймай, көрсетіп жатқан ойын деңгейіне сай  бюджет бөлсе екен…

17/18 маусымындағы ҚПЛ командаларының шығындары көрсетілген толық аналиткалық материалды назарларыңызға ұсынамыз.



prosports.kz