Түлкібаста 600 тоннадан астам жаңғақ өнімі жиналды
Қазіргі таңда ауданда 250 га астам аймаққа жаңғақ ағашы отырғызылған.
Түркістан облысының Түлкібас ауданында соңғы 2 жылдың көлемінде жаңғақ шаруашылығын дамыту жолға қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аудандық әкімдіктің мәліметінше, жаңғақ ағашы облысымыздың барлық өңірінде өсе бермейтін өсімдік. Түлкібас, Төлеби, Сайрам және Қазығұр аудандарының тау бөктерінде және үй іргелік жерлерінде өседі. Түлкібас ауданының аумағында жаңғақ ағаштарын өсіріп, одан өнім алумен осы мерзімге дейін үй-іргелік жерлеріне отырғызып, өнім алынып келген. 2018 жылы ауданымызға облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 250,0 га жаңғақ отырғызу тапсырмасы беріліп, нәтижесінде 257,5 га отырғызылып, қойылған меже 103 пайызға орындалды.
Ағымдағы жылы аудандық статистика басқармасының ресми мәліметіне сәйкес жаңғақ дақылынан 627,6 тонна өнім жиналған.
Жаңғақ өнімін жинауды аудан тұрғындары жеке кәсібі ретінде іске асыруда. Аудандық орталық базар жаңынан қабылдау пунктерін ашып, сапасына қарай өнімнің піскен кезінде бағасы 400-500 теңгеден сатып алып, қайта өндеуден өткізіп, қабығынан ажыратылып (пайдалануға дайын күйінде) облысымыздың ірі сауда орталықтары мен кондитерлік цехтарға немесе басқа өңірлерге килограмы 1200-1500 теңгеден өткізуде.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/