31 қаңтар мен 1, 2 ақпан

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

130 0 0

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы үш күнде күн жылынып, артынша қатты аяз келеді

АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. «Қазгидромет» синоптиктері 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығына ауа райы болжамын ұсынды.

Өзбекстанда шоғырланған оңтүстік циклон алдағы күндері Қазақстанның орталық өңірлеріне жылжып, еліміздің оңтүстік-шығыс, шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында ауа температурасы жоғарылайды.

Күн жылынуымен бірге қар жауып, бұрқасындатып, қатты жел соғады. Оңтүстік-шығыста жылбысқы қар жауады, кей жерде қалың түседі, сонымен қатар тұман және көктайғақ болады. 

Осы циклоннан соң Карск теңізінен суық антициклон келеді, сондықтан күн жылынып, артынша бірден аяз болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде ауа температурасы минус 35-40 градусқа дейін төмендейді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Gismeteo порталының мәліметіне сүйенсек, 31 қаңтарда Астанада түнде ауа температурасы —8 градус, күндіз —13 градус болады.  Алматыда түнде сынап бағанасы 0 градусты көрсетсек, күндіз 4 градус жылы болып, жаңбыр жауады. Шымкентте түнде 8, күндіз 4 градус жылы болады.

1 ақпанда бас қаламыз Астанада түнде 21 градус, күндіз 20 градус аяз болады. Алматыда түнде —1 градус, күндіз —5 градус суық болмақ. Шымкентте 1 градус аяз болса, күндіз 8 градусқа дейін нөлден жоғарылайды.

2 ақпанда Астанада түнде —20 градус, күндіз —10 градус болады. Оңтүстік астанамызда түнде —9, күндіз —5 градус болады. Шымкентте түнде 1 градус нөлден төмен, күндіз 11 градус жылы болады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/