«Ғашығын» алып кеткен адамды ұра бастаған балақай желіде жұлдыз болды (ВИДЕО)

0

Тойдағы би кезінде кішкентай «ғашығын» алып кеткен ер адамға ашуланып, оны ұрғылай жөнелген балақай көпшіліктің көңілін көтерді деп жазады NUR.KZ.

Қызықты сәттің видеосы Instagram желісіндегі Instavideo_kaz тобында жарияланған.

Кадрдан ортада билеп тұрып, жылаған қызды егде жастағы ер адамның көтеріп алғанын көруге болады.

Ал «ғашығын» алып кеткенге ызаланған бүлдіршін бірден ер азаматты ұра бастаған.

Алайда, желі оқырмандары арасында «балақайға ата-анасы дұрыс тәрбие бермеген» деп жазғандар да табылды.

https://www.instagram.com/p/BtN6CndnJ2U/?utm_source=ig_embed

Дереккөз: kaz.nur.kz