Шуағын шашқан аялы алақан 8 наурыз » Қазақстан ұстаздарына арналған

0

Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз  мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!. Ана  — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі дей отыра бүгінгі

 «Шуағын шашқан — аялы алақан»» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
— деп абзал аналарымызға арналған оқушылардың орындауында   ән : Ана

Ойын

Тосын сый ата — аналарға арналған. (ойын)
2 шарт орындалады.
1. Ата — аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.
2. 5 ата — ананы шығарып 5 шарды жарып ішіндегі сұраққа жауап береді.

Оқушылардың тақпақтары
Біз доспыз гүлдермен,      Нарым
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір — бірден
Аналарға сыйлаймыз.

Сенен өскен балалар,     Асылай
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.

Әр сөзімді жаттаған,      Бауыржан
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам, 
айналайын ақ анам!

Айналайын анашым,     Елнар
әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
анамыздың мамасын.

 

Шалқып, тасып әніміз       Төлеген
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

 

 Аппақ мамам, ақ мама                    Мерхат

 «Ақ  мамам!» — деп, шаттанам
 Түн ұйқыңды  төрт бөліп

«Бөпешім!»- деп жатпаған.

 

   Сегізінші наурыз келді,                Арнагүл
   Шаттық сезім, ой келді.
   Қуанышты күні енді,
   Құттықтаймыз сіздерді.

 

Сенен өскен балалар,                 Олжас
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

 

   Жанымызды жайнатқан,         Нұрсая
   Сіздер ғой аналар
   Зор денсаулық, мол бақыт
   Тілейміз біз аналар.

  Аялаған, баптаған, асыраған, сақтаған          Замзагүл                 
  Сақтандырып күнде еккен
  Айтып бәрін үйреткен
  Анамызға мың алғыс

 

 

Ақ анашым, аппағым,            Рахман
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

Шашымды өріп тараған,          Гүлім
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

 Ойын: Сегіз қадам

Ән:  қошақаным оқушылардың орындауында

Оқушылардың аналарын құттықтап  ашық хат таратуы


Тәрбиеші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен тәрбие сағатын  аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «Шуағын шашқан — аялы алақан» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

 

 ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Назар аударыңыз! Жасырын (толық) мәтінді көру үшін сайтқа тіркелуіңіз қажет.