Аналар мерекесі » Қазақстан ұстаздарына арналған
«Бұлт астындағы күн»
ойыны
Ойын шарты:Балалар күннің бетін жапқан бұлттарды алып,сұрақ-
тарына жауап береді
1Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?
2 Қазір жылдың кай мезгілі?
3Көктем айларын ата.
4Көктемде қандай мерекелер бар?
5Аналар мерекесіне анаңа не сыйлағың келеді?
-Міне балалар бұлт астынан жарқырап күн де шықты.
шықты.Біз де осылай күндей жарқырап ана-
ларымызды қуанта берейік.
Сергіту сәті.
Сонымен көктемнің алғашқы мерекесі қандай мереке екен?
8-наурыз аналар мереке-
сі.Бұл мереке халықара-
лық мереке.Сондықтан
бұл мерекені бүкіл әлем
болып тойлаймыз.
Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізде аналар
мерекесіне байланысты
суреттер берілген.Осы
суретке қарап әңгіме құ-
райық.
-Мына суретте қандай санды көріп тұрсыңдар.
Яғни 8-наурыз аналар мерекесі.Мерекеге Арман анасына арнап домбырамен ән айтып жатыр.
Ал мына суретте Айдос анасына гүл сыйлап жатыр.
Ендеше 8-наурыз аналар
мерекесі.Анаңа не сыйлағың келеді.Суретін сал.Келесі тапсырмамыз
өлеңді бірге жаттайық.
Біліп тұрсың,жан анам
Міндеті үлкен ботаңның
Күтері сол баладан
Ана менен Отанның.
Әке-асқар тау
Ана- ағып жатқан бұлақ
Бала-жағасындағы құрақ.
Мақалдың мағынасын ашып түсіндіремін.