Асыл анам » Қазақстан ұстаздарына арналған
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Асыл анам.
Мақсаты: Ана жайлы өлеңдер, әндер арқылы аналарды , ұстаздарды құттықтау.
Оқушыларды білімге ,адамгершілікке , ұстамдылыққа тәрбиелеу, ата-анаға , ұстазға деген сыйын арттыру.
1. Ұйымдастыру кезең.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті ұстаздар, аяулы аналар , көктемдей гүліндей құлпырған қыздар! Сіздерді биылғы көктем мерекесі , аналар мерекесі , ізгілік сұлулық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
2. Кіріспе бөлім:
Негізгі бөлім: Адам баласы үшін ең аяулы ең қастерлі сөз ана.
1-жүргізуші: Айбек .
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет , күннің нұрынан , ананың сүтінен жаралған. Аналарымыздың , қыздардың , көңілдері көктемдегі шуақты күндей , мейірім шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналарымыздың мерекесі құтты болсын!
2-жүргізуші: Аяжан.
Мереке құтты болсын аналарым,
Мәпелеп еркелеттің , аяладың.
Лебізіңе алғысты айта келе,
Ән жырымды қабыл ал аналарым.
Хор: Нұрын төккен маған.
Аділ.
Құрметтейік ,о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген аналарды.
Себебі ана деген асыл жан гой ,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Ғазиза.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әр қашанда ана сізбен бірге берекеміз.
Ақ сүтіңді , ақтап өту , асыл анам
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Қайсар.
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де , гүлі аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Жасмин.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген қуанышы өмірдің.
Ана деген әр бір үйдің жылуы,
Ана деген гүлі туған өмірдің.
Фатима.
Сәл ғана көрмесең,
Сағынып қаласың, Терлесем, Шөлдесем,
Қамқоршысың анашым.
Мен үшін керек пе,
Бәрінде табасың.
Мйірің ерекше
Өзгеден анашым.
Теңеймін күнге мен,
Көзіңнің қарасын
Өзіңмен бірге мен жайнаймын анашым.
1-жүргізуші: Айбек.
«Ана бір қолымен бесік тербетсе , екінші қолымен әлемді тербетеді» -деген халқымыз.Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші.Шындығында әйелдер қауымынсыз мына әлемді , елестету мүмкін емес. Иа құдайдан кейінгі құдірет иесі –ана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған, ана алдында бас иеміз.
2-жүргізуші: Аяжан.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Ақудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Мадияр.
Ана әрбір адамның жарық дүниедегіең жақыны, жанашыры, қадірлісі қамқоршысы, ақ сүтін беріп аямаған ардақтысы. Ана тіршіліктің гүлі , отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Барлық бала ата-анасымен бақытты.
1-жүргізуші: Айбек.
-Ана туралы , оқушыларға жылы сөздер айтқызу.
Асанәлі: Ана дегеніміз өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы.
Мерей: Ана – тіршіліктің көзі, үлкен тағдыр, махабат пен шабыттың нәрі.
Ақниет: Ана махабаты адамға қанат пен күш береді , ерлікке шығарады.
Анеля: Ана-сұлулықты , жарасымдылықты , көріктілікті, баршаға игілікті бойына сіңірген тұлға.
Дастан: Ана әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді , ең қамқор адам.
Хор: Анам әжем.
Мұғалім: Слайдтан оқушыларға аналарының суреттерін көрсету.
Оқушыларға сұрақ қою.
1-ші .Аналарының атын сұрау?
2-ші. Қандай қызмет атқарады?
3-ші. Сендерді қалай еркелетеді?
4-ші. Аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер?
Жания.
Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Ана барлық қиындықты жеңетін , сарқылмайтын тіршілік бұлағы.
Рахат .
Айналдым ана деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге шашыратқан.
Ойнап жүрген құлынын даладағы,
Үйде отырып даусынан ажыратқан.
Мұғалім. Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрейік.
1-ші ойын. Аяулы алақан. Аналардың көзін байлап , оқушылардың ішінен балаларын сипаттап табу.
2-ші ойын: Ұлдар қыздардың шашына бантикті әдемі гүл жасап байлау.
2-жүргізуші: Аяжан.
Ал, келесі кезекті оқушыларымызға берейік.
Анеля .
Өмірге ана-бұлақ, ана пана,
Өмірді өркендетер, ана ғана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отаны да.
Арай.
Ардақты анам асылым,
Теңдігіңді жырлаймын.
Жырымның ең асылын,
Мерекеңе сыйлаймын.
Диляра.Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің, аналардың, қыздардың,
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
Хор: Ана.
Нұрдаулет.
Мен мұғалім анамның
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай
Оқытушы боламын
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам.
Жанарыс.
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Қымбат.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мерекеңмен,
Құрметті аналар.
Данеля.
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Назар.
Әжем менің әлі де ,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне.
Мұғалім.
Балаларды ортаға шығару , хормен: Жанымызды жайнатқан сіздерсіз ғой аналар зор денсаулық мол бақыт тілейміз біз балалар. Аналарға өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстау.
1-жүргізуші: Айбек.
Әркімнің де өмірде аласы бар,
Мерекесін құттықтап аналардың.
Ән жолдайтын аналардың баласы бар.
Ән:
2-жүргізуші. Аяжан.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгілде біраз жерге таяп қалды .
Қош болып тұрыңыздар көріскенше ,
Осымен мерекелік кешіміз аяқталды.
Қорытынды:Ал, балалар бүгінгі аналар мерекесіне арналған кешіміз сендерге ұнадыма?Аналарыңды әрқашан сыйлаңдар.Бүгінгі кешіміз аяқталды , көп рахмет.