8 наурыз: Аналар – асыл қазынам
Тәрбиеші: Сарманова Акмарал Турановна
Топ: ортаңғы «Мирас» тобы
Тақырыбы: «Аналар – асыл қазынам»
Мақсаты: Балаларға 8-Наурыз халықаралық әйелдер мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарың ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:Армысыздар мейірімді әжелер, аяулы аналар, қызғалдақтай құлпырған қыздар! Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8-Наурыз күні құтты болсын! Күндей шуақ шашып, жадырап жүрулеріңізге шын жүректен тілектеспіз! Сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз!
Аяна: Құрметті аналар, әжелер, барша қонақтар 8-Наурыз мерекесі құтты болсын!
Алдияр: Аялаған, саялаған,
Бар бақытым, берекем.
Апатайым құттықтаймын,
Бүгін сенің мерекең!
Жүргізуші: Ендеше, ортаға балабақшамыздың меңгерушісі, аяулы ұстаз, ардақты ана, асыл жар Сулейменова Загила Рамазанқызын шақыруға рұқсат етіңіздер!
Хор — «Ақ мамам»
Аяна: Асқар тау биігіміз сенсің әже,
Жүрегің теңіздей кеңсің әже.
Ұл-қызың армансыз болар еді,
Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең әже.
Алдияр: О, балалар, алақай! Әжеміз келе жатыр, жоғары шығыңыз, отырыңыз.
Аяна: Сізге арнап, балалар өлең шумақтарын айтып береді.
Айзере: Әжем менің әлі де, ұқсамайды кәріге,
Шай қайнатып береді, қажет болса бәріне.
(Қол-аяғын уқалайды)
Жанболат: Жұмсайды әжем мені де, тауыққа жем беруге,
Ауырады кей кезде, аяғы да, белі де.
(Одеял жабады)
Сезім: Біз дәрісін табамыз, қамқорлыққа аламыз,
Әжемізді өзіміз, демде емдеп аламыз.
(Дәрі, су береді)
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Қыздардың орындауында «Ақ әжем» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Ақ әжем»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, қыздар, өркендерің өссін! Енді, кезекті ұлдарымыздың әзірлеген тақпақтарына берейік.
Жанболат:Қуанышы баланың,
Бізді өсіргем анашым.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің балалар.
Нұрали:Аялаған, саялаған,
Бар бақытым берекем.
Апатайым құттықтаймын,
Бүгін сенің мерекең.
Нұрислам:Бізді өсірген апатай,
Еңбегінде зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсың мерекең.
Бекарыс:Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі,
Ауырмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Бейбарыс:Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы таппағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Алдияр:Аяулы да, алтын нұрлы анашым,
Жүрегіңмен мәңгі бірге боласың.
Сен арқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.
Би:«Қазақ биі»
Жүргізуші: Ендігі кезекті қыздарымыздың дайындаған тақпақтарына берейік.
Сезім:Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Ауырмашы, ай әжем.
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Әлия: Гүл – гүл жайнап бәріміз,
Кіреді біздің сәніміз.
Аналарды тойымен,
Құттықтаймыз бәріміз.
Малика:Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Бізді ана қуантып,
Ұзақ өмір сүрініз.
Айзере: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп, демалам,
Құшағыңда қысылмай.
Сания:Аналарды сүйеміз,
Сөзің ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Аяна: Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой ол аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт,
Тілейміз біз балалар.
Аппақ мамам, ақ мамам,
Ақ мамам деп мақтанам.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Бөпешім деп жатпаған.
Гүлайым: Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге.
Шашырайды шуағы,
Үйімізге кіргенде.
Амира:Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін күнде мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізіңші наурызбен.
Ән: «Менің анам алтын» Жанболат пен Алдиярдың орындауында
Ойын: «Кішкентай көмекші»
Ойын шарты: Әжесі немесе анасы жуған орамалдарды кішкентай көмекші кір жайғышқа жайып тұру керек. Музыка қойылады, кім жылдам әрі көп орамал жайса, сол бала «Көмекші»атын иеленеді.
Би: «Шайхана»
Жүргізуші: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүз жасап,
Ауырмашы анашым-
деп, балаларымыздың өздеріңізге арнаған сыйлығын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыға.
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа!
Жүргізуші: Аналар мерекесі құтты болсын! Дендеріңіз сау болсын, бақытты болыңыздар! Осымен, біздің сіздерге деген шағын ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!