Наурыз мейрамы қайда тойланылады?

0

Қазақ халқы көшпенді ұлт болған. Көшпенді халқының тұрғылықты мекені киіз үй болған. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын.

Киіз үйдің бірнеше түрі бар. Олар:

Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар басын қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй.

Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.
Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ шаңырақ – 18 қанат ақ орда, 12 қанат – ел басылар, бай, билер тұратын киіз үйлер.
Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.
Ақ үй – 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.
Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты орташа үй.
Қараша үй – кедей үйі.
Отау – жас жұбайлар үйі.
Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.
Күрке, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйі.