Бизиборд – баланы дамытудың ерекше құралы.
Бизиборд – баланы дамытудың ерекше құралы.
Автор: Жарылкапова Айжан Абдиманаповна
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Мақала Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-29
Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне, ЖОО білімгерлеріне,мектеп мұғалімдеріне
Бизиборд – баланы дамытудың ерекше құралы.Жарылкапова Айжан Абдиманаповна№54 мектеп жанындағы «Алтын ұя» шағын орталығының тәрбиешісіБизиборд-ең кішкентай балаларға арналған Монтессори әдісі. Мария Монтессоридің өзінің өнертапқыш шәкірті Бизиборддың құрметіне аталған баланы дамыту тақтасы. Ол Монтессоридің педагогикалық әдістемесінің жарқын мысалы болып табылады. Бизиборд – бұл дамыту тақтайшасы немесе сабақ өткізуге арналған тақтай. Тақтайша бала қолының ұсақ моторикасын дамытуға әсер етеді. Ол үшін онда құлыптар, ысырмалар, шпингалеттер, оларды жабуға және ашуға арналған су құбыры краны, бәтеңкенің бауы, ленталар бар. Сақинамен ойында балалар қозғалыстар тепе-теңдігі мен көзөлшемін қалыптастырады. Зейіннің дамуына ажыратқышпен және тоқ көзін қосатын құрылғымен әрекет ету әсер етеді. Баланың қиялын дамыту мақсатында есіктің артында кім жасырылған және оған шығуға қалай көмектесуге болатыны туралы талқылауға болады. Бизиборд мектепке дейінгі жастағы балалардың төзімділігінің қалыптасуына ықпал етеді, балалар құрылғыларды ұзақ оқып, өздеріне ұнаған іс-әрекеттерді бірнеше рет жасап, оларды автоматтандыруға жеткізе алады.Тақта көп орын алмайды, оны топта кез келген орынға орналастыруға, серуендеу кезінде өзіңмен бірге алып жүруге де болады. Бизибордта балалар жеке және топпен ойнай алады. Баланы тәрбиелеу – ата-ананың назарын үнемі талап ететін күрделі міндет. Баланы қадағалау, дамыту, қатерден қорғау ата-ананың барлық уақытын талап етеді. Бизборд баланың қауіпсіз дамуын қамтамасыз ететін құрал. Ал тәрбиеші үшін қызметтік мақсатына оңай қол жеткізетін құрал. * Тіпті ең қарапайым дамытушы тақта сезінуді көздейді, бұл ұсақ моториканы дамытады. * Кез келген қарапайым іс-әрекет бланың ойлау қабілетін жақсартады. Ақпаратты дұрыс және жүйелі сақтауына әсер етеді.Бизибордты қай жастан бастап қолданған жөн?Бизибордтың құрылымы қаншалықты күрделі болса, соншалықты пайдалану жасерекшелігі үлкейеді. Бизибордтың ең қарапайым түрі баланың 10 айынан бастап қолдануға болады. Ал ең күрделісі физикалық-ақыл-ойы қалыпты дамыған бала үшін 2 жаспен шектеледі. Ал қазіргі уақытта көптүрлі құраммен толықтырылған бизибордтар шығуда, оны 4 жастағы балаға дейін пайдаланады. Бизиборд көбінесе:
- Майда бөлшектерден – түйме, ілмек, ілгектер.
- Барлық есікті құлыптау түрлері – щеколд, шпингалет, шынжыр.
- Ағаш есептегіш.
- Қимылды көрсететін айналмалы дөңгелектер, шарлар.
- Сандық циферблаттар, телефон дисклары, теледидар пульты.
- Баулар, есік қоңырулары, геометриялық фигуралар ұяшықтары.
Бизиборд кез-келген бала үшін дамуына ең қажетті ойыншық, ал ата-ана мен тәрбиеші үшін оқытудың ерекше, қызықты құралы. >
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.