Ашық сабақ » Күн тәртібі» 1 сынып

0
Күні : 10.12.2018 Пәні:Дүниетану Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі СЫНЫП: 1 Мұғалімнің есімі: Қалиева А.М Қатыспағандар саны: — Қатысқандар саны:1 Сабақтың тақырыбы: Мен және менің отбасым Күн тәртібі Оқу мақсаты:
  • Барлық оқушылар: Күн тәртібі туралы әңгімелеу
  • Оқушылардың басым бөлігі:Күнделікті өмірдегі күн тәртібімен таныстырып, сипаттайды.
  • Кейбір оқушылар: Күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді.
  • Бағалау критерийлері Білім алушы Күн тәртібін сақтаудың қажеттілігі туралыәңгімелейді. Өзінің күн тәртібін құрастырады. Тілдік мақсаттар Оқушылар:басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отыраүйдегі және мектептегі өмір туралы айта алады;тақырыптар бойынша сөздік қорын дамытады. Құндылықтарды дарыту : жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. Пәнаралық байланыс Математика Қосымша тапсырмалар АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта, презентация, бейнетаспа Бастапқы білім Мектеп және мектеп қоғамдастығы Тұтыну заттары тақырыбында «Серпінлі сұрақ» әдісі арқылы сұрақ-жауап алынады. Сабақтың барысы Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың басы «Идеялар себеті» әдісі арқылы бүгінгі тақырыпты анықтау мақсатында тақтаға себет суреті ілінеді себетке тақырып жабыстырылады: мысалы “Күн тәртібі”. Оқушылар стикерге өз ойларын жазып себет ішіне жабыстырады. Стикер Сабақтың ортасы 1-тапсырмаБаланың күн тәртібінің ретін анықтап, цифрлармен жазып көрсетіңіз. талқылаңыз және түсіндіріңіз.2-тапсырмаҚима суреттерден оқушының күн тәртібін құрастырыңыз. Оны өз күн тәртібіңізбенсалыстырыңыз3-тапсырма Күн тәртібін сақтау маңызды ма? Неліктен? «балық қаңқасы» әдісі арқылы себептер мен дәлелдер және қорытындылап топта талқылаңыз. Тақырыпқа байланысты суреттер

    Қима суреттер

    Постер

    Сабақтың соңы Күн тәртібінне үшін сақтау қажет? Жұпта, топта талқылайдыРефлексия: «Аяқталмаған сөйлем» Оқушылар сөйлемді жалғастырулары керек: — Мен …. қатысты көз қарасымды өзгерттім— Мен …. туралы көп білдім.— Мен … таң қалдым.— Мен …. сезімде болдым.— Мен …. салыстырдым.— Мен …. үшін уайымдадым. Постер Стикер Саралау – оқушыларға қалайкөбірек қолдау көрсетудіжоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларға қандай міндет қоюдыжоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардыңматериалды меңгеру деңгейінқалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздіктехникасының сақталуы Осы сабақты жоспарлауда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабақтың тақырыбын тереңірек зерттеуге бағыттадым. Күн тәртібі туралы оқушылардың не білетінін анықтау мақсатында «Идеялар себеті» әдісін қолдансам, сабақты түсінуі мақсатында суреттерді ретімен орналастыру арқылы осы сабақты қаншалықты түсінгендерін анықтадым.Өз күн тәртібін қима суреттер арқылы орналастыру арқылы талдау жасату. Сабақты жинақтау мақсатында «Күн тәртібін не үшін сақтау керек?» деген сұрақ берілді. Оқушылар әр орындалған тапсырманы «бағдаршам» әдісі арқылы қызыл, сары және жасыл түсті жетондар беру арқылы бағаладым. Әр топтық немесе жұптық тапсырма орындалғанда бір-бірлеріне кері байланыс айтылды. Сергіту сәті Сабақ бойынша рефлексия Бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті. Себебі, оқушылар күн тәртібі туралы түсінік алып, оның күнделікті өмірдегі маңызын білді. Сабақтың әр кезеңі белгіленген уақытта аяқталды. Жеке, топтық және жұптық тапсырмаларды орындады. Әр тапсырманы орындау барысында бағалау және кері байланыс жүзеге асырылды. Жалпы бағаСабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?Дарынды оқушылар күрделі тапсырмалар дайындауға және үлгерімі төмен оқушыға жеке тапсырма ұсынудың тиімділігін білдім. Келесі сабақтарда оқушыларға ұсынылатын тапсырмалардың белгілі бір деңгейде дайындалуына көңіл бөлу қажет.