Конор да жазаланды, алайда жазасы Хабибтікінен жеңіл

0

Невада штатының Атлетикалық комиссиясының шешімімен Конор МакГрегор алты айға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ирландиялық спортшыға 50 мың доллар айыппұл төлеу міндеттелді. 

Хабиб Нурмагомедов 9 айға спорттан шеттетілді. Ресейлік файтер 500 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді.

Айта кетейік, 6 қазан Лас-Вегаста өткен UFC 229 турирінде Нурмагомедов төртінші раундта МакГрегорды тұншықтырып тастаған еді. 

Алайда кездесу біте салысымен Нурмагомедов октагонның қоршауынан асып түсіп, қарсылас команданың өкілдерімен төбелесе бастады.



prosports.kz