Жандарбек Бекшин: Қызылшаға шалдыққандардың көбісі
«Қазіргі уақытта елімізде қызылшаға шылдығудың 900 жағдайы тіркелген. Олардың негізгі бөлігі — екпе алмағандар. Оның ішінде 56% екпе егу жасына жетпеген балалар. Одан әрі 30% қарсылық білдіргендер және 11% бас тартқандар. Өткен жылы вакцинациядан 5 725 адам бас тартқан, дегенмен медицина қызметкерлері азаматтармен жеке жұмыс жасап, 3106 адам өз пікірлерін өзгертіп, вакцинация жасатты», — деді ол ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, бас санитар міндетті түрде вакцинация жасату керектігін алға тартты.
Оның айтуынша, аталған ауру түрі бүгінде Еуропада өршіп тұр.
«Бірінші себеп, біз жабық кеңістікте өмір сүрмейміз. 2017-2018 жылдары Еуропа аумағында 70 мыңнан аса қызылшамен ауыру жағдайы тіркелді. Бұл тек ресми дерек бойынша. Атап айтқанда, Сербияда 5 мың, Украинада 40 мың, Германия, Италияда 3 мыңнан аса және Англия мен Францияда 1 мыңнан аса адм қызылша дертіне шалдыққан», — деді Ж.Бекшин.
Дереккөз: http://egemen.kz/