Түс жору: Шаш. Түсінде шаш көру. • Түс Жору

0

Түсінде шаш көрсеңіз ол нені білдіреді?

  • Егер, əйел түсінде шашын тарап отырса- кейін өкінуі мүмкін іс-əрекеттеріндегі жеңілтектікке.
  • Ер адамның түсінде шашы түсе бастаса – қайтарымы жоқ жомарттығы өзін кедейлікке ұшыратады.
  • Өзіңіздің шашыңыздың азаюы – нашар белгі.
  • Өзіңізді жəне денеңізді шаш басса – кешірімділікке, ал бірақ бұл түсті əйел адам көрсе, имандылықтан асып, тілектерінің жетегінде кетіп, өзінің қалағанын ғана істеуі мүмкін.
  • Түсіңізде шашыңыз қара жəне бұйра болса, махаббат шырмауында қаласыз, ал алтын шаш серігіңіздің батыл жəне арлы екендігін білдіреді.
  • Сүйіктіңізді шашы отты түсті болса, қарым – қатынасыңызды өзгертулер күтпек; ал қоңыр шаш өз иесіне жұмыстағы сəтсіздіктерді əкеледі.

түсте шаш түс жору

  • Əдемі шаш – ісіңіздің сәтті шығуына, ал шашыңыз түсіңізде тым қысқа болса, жамандықты алдын алу үшін ақшаны оңды-солды шашпаңыз.
  • Жұмсақ шаштың сəнді қайырылуы – толассыз бақытқа.
  • Əйелдің түсінде шашын ашық жəне қара түсте көретін болса, алдағы уақытта қабылдайтын шешімге үлкен күмәнмен қарауы мен сақтыққа.
  • Жиналмаған алба-жұлба шаш – бақытсыздыққа .
  • Шашы ағарған кісілерді көру де жақсылыққа емес, ал бұндай түсті көрген ғашықтар бақталасқа ие болады.
  • Шаштың түсуі де – нашар түстердің бірі.
  • Ал аппақ шаш иелеріне қуанышты жаңалық, жол сапарлары мен кездесулер əкеледі.
  • Түсіңізде біреудің шашын сипау – махаббат істеріндегі оң өзгерістерге, лайықты серіктің табылуына.
  • Шашқа оралған гүл – кедергілердің шығуына, бірақ олар сізді еш қорқытпайды да, тепе-теңдікті де бұзбайды.
  • Əйел адам түсінде шашының гүлге оралғандығын кірсе, ұзаққа созылмайтын жолығатын қиындықтарға күш-жігерін дайындау қажет.
  • Түс көретін адамның түсінде шашына ақ түсіп, беті жас көрінсе, өмірде сəтсіздікке жолығады. Егер, сақтық танытпаса, ауру мен өлімге жолығуы мүмкін.