Түс жору: Сағат. Түс жору. Түсінде сағат неге көресіз? • Түс Жору
Түс жорығыш: сағат неге түске кіреді?
Миллер түс жоруы бойынша
- Түсінде сағатты көрген адам биржадағы ойындарда табысқа жетеді.
- Түсінде сағатқа қарау – сіздің бар күшіңізді салған ісіңіз дұшпандарыңыздың кесірінен түкке де тұрмай қалатынын білдіреді.
- Сағатты сындыру – қайғыны білдіреді.
- Сағаттың əйнегін сындыру – жағымсыз ортадағы үстіртін əрекет жасайтыныңыздың хабаршысы.
- Əйел адам түсінде сағатын жоғалтса, үйдегі келеңсіздіктер бақытсыздығының себебіне айналады.
- Түсіңізде сағатты ұрлағаныңызды елестету – сіздің арыңызды қаралағысы келетін жауларыңыздың барын көрсетеді.
- Біреуге сағат сыйлау- алдыңыздан қиындықтар шығатынын хабарлайды.
- Сағаттың үнін есту – қапалы хабар алуыңыз ықтимал.
Фрейд түс жоруы бойынша- сағат
- Қолда тұрған сағаттың тілін дұрыстау – атқарған қызметіңіз үшін сізді мадақтап, ақыңызды беретін болады, тек ақыңыз қаржылай түрде болмауы мүмкін екендігін ескеріңіз.
- Мұнара сағат түсіңізге кірсе, көптен күткен маңызды жаңалық естисіз.
Ностарадамус түс жоруы бойынша- сағат
- Ескі сағатты түсінде жан-жақты қараған адам ескі қателіктері үшін қатты өкінетін болады.
- Қабырға сағатын көрсеңіз, өміріңізді түбегейлі өзгертетін кезеңнен өтесіз.
- Қол сағатын түсіңізде көру – ойлаған затыңызды іске асыру үшін уақытыңыздың жетпейтінін көрсетеді.
- Циферблаты жоқ сағатқа қарап уақытты білу – жаман белгі. Алда болатын жаңалық ерекше болмақ жəне сонысымен сіздің көңіліңізді түсіреді.
- Түсіңізде сағаттың тықылын есту – жақындарыңыздың бірі сіздің көмегіңізге зәру екендігінің белгісі. Оған тезірек көмек берсеңіз, жақсы болады.
Ванга түс жоруы бойынша- сағат
- Түсіңізде ескі сағатты көрсеңіз, өткеніңізге бұрылып , өмірңізіді саралайтын уақыттың келгені: лайық өмір сүрдім бе, қандай əрекеттер жасадым жəне артымнан не қалдырдым деген сұрақтарға жауап іздеу қажет.
- Қабырға сағаты түсіне енген адам өз өмірін мүлдем бағаламайды.
- Қол сағатын көру – өміріңіздегі айтулы күнге аз уақыт қалғаны.
- Сағаттың үнін есту- өміріңіз əлі біраз уақыт реттелмейтіні туралы хабар.