Түс жору: Түсінде сақина нені білдіреді. Түсте жүзік болса. • Түс Жору
Түсінде сақина немесе жүзік болса, ол үлкен ескерту.
Миллер түс жоруы бойынша- жүзік немесе сақина
- Түсіңізде қолыңызға сақина тағатын болсаңыз – алда бастайтын істеріңіз сәтті жүреді.
- Сынған жүзік отбасындағы ұрыс пен ғашықтардың айырылысуын білдіреді.
- Қыз бала түсінде жүзікке ие болса, оның сүйіктісіне қатысты уайымы артта қалады, себебі жігіт бүгінгі күннен бастап бүгіні мен ертеңін тек ғашығына арнайды.
- Басқалардың жүзік таққанын көру – сіздің жағдайыңыздың артып, жаңа таныстарға ие болатыныңызды көрсетеді.
Ванга түс жоруы бойынша- жүзік немесе сақина
- Түсіңізде жүзіктің пайда болуы іс-шаралардың шеңберін, шешілмеген мәселелерді, бауырмалдылықты, уəдені жəне адалдықты білдіреді.
- Сүйікті адамыңыздың қолына жүзік тақсаңыз – сіздің сезімдеріңіз бен уəделеріңізге берік екеніңізді пайымдайды.
- Түсіңізде таныс емес адам қолыңызға неке жүзігін тақса, бұрыннан мазалап жүрген күрделі жағдайды шешу үшін күтпеген көмектің келетінін білдіреді.
- Өзіңізге шақ сақина таңдай алмасаңыз – шынайы өмірде ешкімге де ғашық емессіз.
- Қолыңыздағы сақина түсіп қалатын болса, – сақина белгі. Шынайы өмірде сізді берген сертіңізді бұзғаныңыз үшін сынақтар күтіп тұр.