Түс жору: Түсте ақша нені білдіреді? Түсінде табыс. • Түс Жору

0

Түсте ақша болса ол нені білдіреді?

Миллер түс жоруы бойынша ақшаның түсіндірмесі

  • Түсіңізде ақшаны тауып алу – кішігірім мазасыздық, бірақ үлкен бақыт. Алдыңызда өзгерістер орын алады.
  • Ақша төлеу – сəтсіздікке.
  • Алтын алу – үлкен келешек пен бақытқа.
  • Ақшаны жоғалту – үйіңіздегі сəтсіз сәттерді бастан өткересіз және сізді жұмыста келеңсіздіктер күтіп тұр.
  • Ақшаңызды санау және ақша жетпейтінін аңғару – төлемдермен қиналатыныңыздың белгісі.
  • Түсіңізде ақша ұрласаңыз, сіз қауіптесіз жəне əр ісіңізге мұқият болыңыз.
  • Ақша үнемдеу – дәулет пен мамыражай өмірдің көрінісі.
  • Түсіңізде ақша жұтсаңыз – бойыңызда арам қызығушылықтың пайда болуы.
  • Үлкен соманы санау – сіздің бақытыңыз бен байлығыңыз қол созым жерде.
  • Түсіңізде сіз бір бума қаражат тауып, оған жас қыз меншіктік құқығын білдірсе, шынайы өмірде сізге жақын əйелдің кесірінен іскерлікте біраз тоқырауға шалдығасыз.
  • Өз ақшасын ұйқысында оңды-солды жұмсау, өз мүмкіндігінен көп қаражат құрту – ескерту. Ақылыңязға бос қиялмен салмақ салмаңыз, қиял – күл.

түсте ақша көру

  • Майда тиындарды көру – ісіңізге қанағаттанбаушылық. Жұмыста сəтсіздікке жолғасыз, ал достарыңыз бен жақындарыңыз сіздің оларға дұрыс көңіл бөлмейтініңізге шағымданады.
  • Түсіңізде майда ақшаны жоғалтып, өзіңізге аздаған немқұрайлық пен сəтсіздік сезінесіз.
  • Түсіңізде тиын санау – өте мұқият жəне кірпияз боласыз.
  • Түсіңізде қарызға ақша алсаңыз, екі ойлы жағдайда қаласыз: өзгелерге шын мəніндегіден гөрі жақсырақ көрінесіз, бірақ бұл сізді қанағаттындырмайды.
  • Ал өзгенің ақшасын жаратсаңыз, сіз кішігірім өтірігіңізде ұсталасыз да, досыңыздан айырыласыз.
  • Жалған ақша жасау – жамандықтың нышаны.
  • Қарызға ақша сұрау – өзіңізді жалған түрде дәулетті сезіне жүріп, қиындыққа ұшырайсыз.

Ванга түс жоруы бойынша ақша туралы түс көру.

  • Ақша табу – айналаңыздағы адамдардың бірі сізге қарсы үлкен жамандық даярлап жатыр. Өзгенің затын алмаңыз, олар тіпті жапан түзде қараусыз қалса да, себебі осы жолмен арам пиғылдылар жақсы адамдарға дуа жібереді.
  • Біреуден ақша алғаныңызды көрсеңіз, таныс адамдар сізді қолы ашық, мейірімді, көмекке келуге даяр адам ретінде таниды.
  • Түсіңізде жыртылған ақшаны көру де жақсылыққа емес. Ол – кедейліктің, аштық пен қарақшылықтың белгісі. Мүмкін, болашақта сіз үйіңізге түскен ұрлықтың кесірінен жинаған бар қаражатыңыздан айрыларсыз.
  • Түсіңізде ақша санасаңыз, шынайы өмірде сіз дүниеқоңыз, сараңсыз. Ақшаға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз, себебі ол ешқашан адамнан артық бола алмайды.
  • Түсіңізде кімге болмасын ақша ұсыну – алдағы уақытта бастаған ісіңізді аяқтау үшін сізге көп қаражат қажет болады.

Сіздің түсіңізге лайықты түс жоруы: Алтын, Байлық