Опасыздық неге түске кіреді? Түсінде көзге шөп салу

0

Опасыздық – өмірді екіге бөлетін ұсқынсыз хабарға. Ол індет, жағымсыз эмоция мен уайымды тұспалдайды. Отбасындағы сатқындық – жақын адамыңызбен арадағы байланысты үзу керек. Сіздің көзіңізге шөп салса, көп қиындыққа ұшырайсыз, артыңыздан өсек сөз ереді. Бірақ адал достарыңыз жаныңыздан табылып, кедергілерден шығуға көмектеседі. Ал өзі опасыздық жасаған адам шынайы өмірде жақын адамына өтірік айтып қиналатын болады. Қызыңыздың көзіңізге шөп салғанын көрсеңіз, шынайы өмірде, керісінше, араларыңыздағы сезім бекіне түседі. Сүйіктіңіз опасыздыққа бармайды, уайымдамаңыз.

Романтикалық түс жору бойынша көзге шөп салу

Күйеуінің көзіне шөп салған əйел махаббаттың жетіспеушілігінен, сексуалды өмірінің болмауынан қапа жеп жүр. Бейтаныс адамдардың бір-біріне жасаған опасыздығын көрген адам жанұядаға жанжалдан мезі болады. Ал жарыңызға оның досымен қосылып опасыздық танытсаңыз, əділетсіз, адамдыққа жатпайтын ісіңіздің арқасында жақыныңыздың сенімін жоғалтасыз.

түсінде басқа

Түсінде біреудің опасыздығын көрген адам шынайы өмірде қызының сатқындығынан қорқады. Үрейі соншалық, қызының көзіне шөп салғанын түсінде де көреді. Бұндай жағдайда өзіңіздің оған деген қарым-қатынасыңызды өзгертіңіз, əйтпесе сүйіктіңізді шыныменен жоғалтып аларсыз. Қызыңызбен ұрысқаннан кейін түсіңізде оның опасыздығын көрсеңіз, жақын арада татуласасыз. Қыз бала түсінде жігітінің опасыздығын көрсе, одан айырылып қалудан қорқады.

Егер «Түсімде оның көзіне неге шөп салдым?» деген оймен оянсаңыз, өз сүйіктіңізге бар мейіріміңізбен, махаббатыңызбен қараңыз. Жұбайлардың опасыздығы тек қана отбасы мəселелеріне ғана қатысты емес, ол сатқындық пен сізге қарсы бағытталған қаскүнемдікті де білдіреді. Ондай ағаттыққа барудың алдын алсаңыз, ісіңіз алға басып, табысқа жетесіз. Опасыздыққа бару – қиындықтардың белгісі.

түсінде көзіме шөп салды түс жору опасыздық

Эротикалық түс жору бойынша – опасыздық

Сүйіктіңіздің таныстарыңыздың бірімен көзіңізге шөп салғанын көру – арманның күйреуі. Қайғыруға асықпаңыз, оның орнына істеріңізді саралап көріңіз. Сіз одан төсекте тым көп зат күттіңіз. Мүмкін, талаптарыңызды азайтарсыз? Қарапайымдылық танытып, сүйіктіңізге жақсы көңіл бөліңіз. Тек осы жағдайда ғана шынайы махаббаттың қандай болатынын түсінесіз. Опасыздық жасаған өзіңіз бе? Онда сізге экстрим жетіспей жүргені. Бірақ, ұмытылмас əсер іздеймін деп басыңыз қиындыққа тап болады.

Цветкова түс жоруы бойынша – өз опасыздығын көру

Нашар белгі. Тағдырдың сізге дайындаған сынынан өту үшін батылдығыңыз бен ішкі күшіңіз жетіспейді. Керісінше, арсызсыздыққа бармау, бір сəттік құмарлықтың жетегінде кетпеу – мықты тұлғаларға ғана тəн қасиет. Отбасылы өмірде ерлі-зайыптылардың бірі опасыздыққа барса, үйде өрт шығады.

түсінде козіме шөп салды

XXI ғасыр түс жоруы – көзге шөп салу

Жұбайының ашынасы барын естіген адам қиындықтарға тап болады. Сол кезде жанында адал достары табылып, бəрін жеңуге көмектеседі. Өзіңіздің сатқындығыңызды көру – жақын адамыңызға өтірік айтуыңызға тура келеді. Заманауи түс жору бойынша опасыздық жасағаныңызды көрсеңіз, өмірде шынымен солай болуы мүмкін немесе сондай қадамға баруды ойластырып жүрсіз.

Егер, түсіңізде сіздің көзіңізге біреу шөп салса, сүйіктіңіздің опасыздығынан қорқып жүргеніңіз. Бос уайымнан не пайда? Одан да ғашығыңызбен ашық сөйлесіп, барлық сұрақтардың басын ашып алыңыз. Кейбір қиындықтар өзімен-өзі сол жерде шешіледі.