Негізгі іс-әрекет ойын
Негізгі іс-әрекет ойын
Автор: Мадина Бауржанқызы
Бағыты: Дене шынықтыру Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-29
Материал туралы қысқаша түсінік
йын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.
«Ұшты — ұшты» Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.Ойынның мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты, ұлғая түседі. БастаушыОйынды былай жүргізеді.Ұшты — ұшты сұңқар ұшты(қол көтереді)Ұшты — ұшты арба ұшты(қол көтермейді)Ұшты — ұшты торғай ұштыОсылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы жеңеді.«Ақ қоян» Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.Ақ қоян — ау, ақОрныңнан тұрсаңшыШашыңды тарасаңшыБетіңді жусаңшыӘй — әй көйлек кисеңші.Біреудің қолын үзсеңші —Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.
«Қасқырлар мен лақтар» Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.Ойын мазмұны: Аралары 10 — 15 адым қашықтықта «қора» мен «өріс» сызылады.Ойнаушылар үйлерінде тұрып:Бөрте, бөрте, бөрте лақ,Бөрте лақ тым ерке лақКетесің кейде секеңдеп,Байламаса көкем кеп — деген сөздерденКейін дүрсілдей жүгіріп « өріске» беттейді. Оларды алаңның ортасында тұрған 2 — 3 қасқыр қуып береді. Қолға түскендер ойыннан шығып қалып келесі кіреді. Қасқырлар ұсталмаған балалардан сайланады. Осылайша ойын жалғасады.
«Қаздар» Мақсаты: Балалардың музыкалық есту қабілетін дамыту және қаздардың тіршілігімен таныстыру.Керекті құралдар: (сырнай немесе сылдырмақ).Ойын мазмұны: Қысқаша әңгіме, қаз өте сақ құс, ол балапан шығарған кезде, ата қаз балапандардың соңында жүреді. Егер қауіп төнсе, ана қаз екеуі екеулеп балапандарын қорғайды. Қаздар көк шалғында шөп жейді. Барлық балаларға сырнай үлестіріліп, ішінен ата қаз белгіленеді. Балалар шалғында жайылып жүрген қаздарды бейнелеп, баяу сырнай тартады. Тәрбиеші белгісімен қауіп төнгенде, ата қазсырнайды қатты 2 — 3 рет тартып белгі береді. Осы кезде балалар қанат қағып жүгіріп барып, ана қаздың жанына жиналады. Ойын қайталанып, ата қаз сайланады.
«Төбеде доп қуу» Мақсаты: Балаларды шапшаң дербес қимыл әрекетке үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Ойын мазмұны: Ойынға қатысушылардың барлығы екі топқа бөлінеді. Әр топтың ойыншылары бірінің артына екеуден сапқа тұрады. Ал капитан өз командасының алдында болады. Команда бірінен бірі 3 — 4 метр жерде тұрады. Капитандар бір — бір волейбол добын алады да, оны екі қолымен төбелеріне көтереді. Жетекшінің «Бастаңдар» деген командасы бойынша олар допты басынан асыра артындағы ойыншыға, осы әдіспен келесі ойыншыға береді. Ойын одан әрі қарай жүгіреді, сөйтіп өз тобының алдына келіп тұрады. Доп тағы да колонаның соңына кетеді. Ол топ капитандарының қолына екінші рет қайта тигенше ойын осылай айнала береді. Капитан өз орнына келіп, біріншіболып, допты жоғары көтергенде команда ұтып шығады.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.