Ұлттық аспаппен ән салатын отандық топ Шырын Нарчаеваны клипке түсірді — новости Казахстана
Ұлттық аспаппен ән орындайтын «Алдаспан» этно-рок тобы өздерінің клипіне Шырын Нарчаеваны түсірді. Топ продюсері мен режиссері осы идея үшін сөзге келіп қалған деп жазады «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Нала» атты бейнебаянға басты кейіпкер ретінде, ғаламторды шулатқан Шырын Нарчаева бекітіліп, тіпті түсірілім жұмыстары да жүрген.
Кейін қазақтың ұлттық аспабы мен атышулы арудан үйлесім таппаған топ продюсері, режиссердың идеясынан бас тартыпты.
Осыдан 7 жыл бұрын құрылған топтың танымалдығын арттырғысы келген режиссер, Шырын арқылы қулығын іске асырғысы келгенін мойындады.
Айта кетейік, «Алдаспанның» бұл хайпын кезінде «Alem band» тобы қолданған болатын. Жас жігіттерден құралған топ екі бірдей клипіне Айжан Байзақованы түсірді.
Дереккөз: kaz.nur.kz