Т. Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің тарих пән мұғалімі Ағыбаева Айгүл Әбдіәлімқызы, Қызылорда қаласы. «Тәуелсіздік – ғасыр

0


Т. Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің тарих пән мұғалімі Ағыбаева Айгүл Әбдіәлімқызы, Қызылорда қаласы. «Тәуелсіздік – ғасыр

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Ғылыми жұмыстар Сыныбы: 10 сынып

Қалалық білім бөліміТ.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі

ТРЕНИНГ«Мейірімді болса жүрек – орындалар арман-тілек.»

Өзін — өзі тану пән мұғалімі Агибаева Айгүл

Қызылорда қаласы, 2019 жылҰстаздарға арналған тренинг

Тақырыбы: Мейірімді болса жүрек – орындалар арман-тілек.

Мақсаты: Ұстаздарды жаңашылдыққа, инновациялық әдістәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту. Мұғалімнің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.

Түрі: Психологиялық тренинг

Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, ой бөлісу және пікір алмасу.

Көрнекілігі: Плакаттар, маркерлер, компьютер, интербелсенді тақта т.б.

Барысы:

І. Кіріспе:

  • «Жан жылуы» жаттығуы
  • «Гүлдер жинау» жаттығуы (топқа бөлу)

II. Негізгі бөлім:

  • «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы
  • «Нұрлы жүрек» жаттығуы
  • «Табиғат мінезі» жаттығуы (сергіту) 
  • «Оның есесіне мен…» жаттығуы 

ІІІ. Қорытынды:

  • “Мен –ғажаппын!”
  • Рефлексия: «Ашығын айтсам»

Тренинг ережесі: 1. Белсенділікті арттыру 2. Бірігіп жұмыс істеу 3. Бір-біріне кедергі келтірмеу4. Өз ойын ашық айта білуге үйрену5. Өзіме пайдалы нәрсені алу 6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу. 7. Өзімді еркін ұстауға үйрену

І. Кіріспе:Тренер сөзі: Сәлеметсіздер ме, ұлағатты ұстаздар! Бүгін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған «Мейірімді болса жүрек – орындалар арман-тілек» деген тренингке қош келдіңіздер!

  • Ұйымдастыру кезеңі:

1. «Шаттық шеңбер» қатысушылардың бәрін шеңберге шақырамын.2. «Жан жылуы» жаттығуы. Қолдарынан ұстап бір-біріне төмендегі сөздерді хормен айтады. Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)Жүрегіме саламын (тура қарайды)Досыма сыйлаймын (оңға қарайды) Сәттілік тілеймін (тура қарайды) 3. «Гүлдер жинау» жаттығуы. Құрметті әріптестер! Қазір Сіздер мына гүлдерден өздеріңіз қалағанын алып, тағып аласыздар. Осыған байланысты топқа бөлеміз, әр топ өздеріне топ басшысын сайлайды. Жасыл-«Мейірім», қызыл-«Жүрек», сары-«Арман-тілек» деген атаумен 3 топқа бөлінеді.

II. Негізгі бөлім: 1. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз … қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек. 2. «Нұрлы жүрек» жаттығуы. Ұстаздармен сұхбаттасу.Олай болса назарларыңызды экранға аударайық.Мінеки, сіздерге бірнеше сұрақтар беріліп отыр.Осы сұрақтарға әр топ жауап берсеңіздер.

І топ «Мейірім» 1. Сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай? 2. Сіздің қатты қызығушылығыңызбен қатар қуанған сәттеріңіз болды ма? 3. Сіз оқушыға мейірімділікке толы қайырымдылық іс жасай алдыңыз ба?

ІІ топ «Жүрек»1. Ең сүйікті мейрамыңыз қандай? 2. Өз мамандығыңыз сізге ұнайма? 3. Сіз шын жүрекпен оқушыға сыйлық жасадыңыз ба?

ІІІ топ «Арман-тілек»1. Мұғалімдіктен басқа мамандыққа барасыз ба? 2. Оқушы бойынан қандай қасиет көргіңіз келеді? 3. Сіздің қолыңызда билік болса, басқа үйірме ашар ма едіңіз?

3. «Табиғат мінезі» жаттығуы. (Музыка әуенімен) Құрметті ұстаздар, барлығымыз өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз.Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне, сіз судың жанына келдіңіз, толқындар Сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз. Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне, сіз ел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз! Қандай сезімде болғаныңызды жәймен ғана қасыңыздағы мұғалімді қолыңызбен жеңіл желдің самалындай етіп сипалаңыз. Теңізден алған күшті әсеріңізді екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз. Содан кейін, қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз. Арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз. Қандай әсерде болдыңыздар? Өзіңізді қалай сезіндіңіз? 4. «Оның есесіне мен…» жаттығуы. Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар үлестірмелер таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды. — Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ….. . — Мен шаршадым, оның есесіне …… . — Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне …. . — Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне …. . — Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне …. . — Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне … . — Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне … . — Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне …. . — Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ….. . — Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне…… . — Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне….. . — Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне …. . — Мен тым толықпын, оның есесіне…. . — Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне … . — Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне … . — Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ….. . ІІІ. Қорытынды: “Мен –ғажаппын!” Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс. Мысалы: — Мен осы өмірге келуіммен кереметпін. — Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да. — Мен ғажаппын, мен кереметпін. — Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты. — Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды. — Мен тамаша жанмын. — Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын. — Мен сабырлымын, салмақтымын. — Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды. — Мен әділетті, адал жанмын. — Мен айналама бақыт шуағын шашамын. — Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін. — Менің қолымнан бәрі келеді. — Мені тек жақсы адамдар қоршаған. — Мен үшін өмірдің қызығы мол. — Мен бәріне ризамын. — Мен бақытты адаммын.

Тренер сөзі: «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» деп Науай айтқандай, арман тілектеріңіз орындалсын. Осы шенбер бойынша тұрып, жүректі үлестіру арқылы бір-біріне тілек айту. Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше, бір-біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.

Рефлексия: «Ашығын айтсам» 1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма?2. Тренингтен қандай әсер алдыңыз?3. Тренингтен кейінгі көңіл — күйіңіз қандай?

Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі қайырымды ісі, екіншісі — жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық! Мейірімді болсақ, жүректегі армандаған мақсаттарымыз орындалады.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.