Жұмағалиев мекенжай анықтамасын алып тастауды ұсынды

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

64 0 0

Асқар Жұмағалиев министрліктер мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына мекенжай анықтамасын реестрден алып тастау мүмкіндігін талдауды тапсырды

АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik.Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook-тегі парақшасында мекенжай анықтамасынан бас тартуды ұсынды.

«Жақында кадр бөлімінің қызметкерлерінен не үшін анықтамаларды қағаз түрінде жинайсыздар деп сұрадым. Қажет болғанда адамды мекенжайы арқылы іздеп табамыз, болмаса жеке парақтағы мәлімет ескірсе, қағаз түріндегі құжат болып қалады деп жауап берді. Осы жағдайда мекенжай анықтамасы қалай көмектесетінін түсінбедім. Өйткені бұл құжатта ескіріп кетеді ғой. Сондай ақ, адам уақытын текке шығындап, керек емес құжаттарды алуы керек екен. Дегенмен, қазір ол жедел онлайн режимінде және телеграм арқылы қолжетімді болса да, оған да уақыт керек», — деп жазды Асқар Жұмағалиев.

Оның айтуынша, өткен жылдан бастап мемлекеттік органдар бірнеше анықтаманы азаматтардан сұрамай, дерекқордан алатын болған. Олардың ішінде мекенжай анықтамасы бар. 

«Банктерге және басқа үшінші тұлғаларға арналған egov порталында сервис бар, бұл клиенттің келісімімен азаматтың тіркелгені туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Осындай сервистер бюрократияны жою үшін енгізілген», — деп атап өтті премьер-министрдің орынбасары.

Ол бүгін мен министрліктер мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы әріптестеріне мекенжай анықтамасының қажеттілігін және оны реестрден алып тастау мүмкіндігін талдауды тапсырғанын айтты.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/