Курс алындағы кезең шеңберінде жүргізілген мектеп тәжірибесін зерттеу мәліметтерінің негізіндегі рефлективті есебіМатериал

0








Курс алындағы кезең шеңберінде жүргізілген мектеп тәжірибесін зерттеу мәліметтерінің негізіндегі рефлективті есебіМатериал

Автор: Аяпбергенова Карлыгаш Давлетовна

Бағыты: Басқа Бөлімі: Басқа Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-01-28


Материал туралы қысқаша түсінік

Материал шағын жинақты мектеп көшбасшыларының курстан өткен кезде рефлективті есеп жазуға көмегі бар




Курс алындағы кезең шеңберінде жүргізілген мектеп тәжірибесін зерттеу мәліметтерінің негізіндегі рефлективті есебі

Қазіргі кезде жұртшылық арасында ХХІ ғасырда білімнің жоғары сапалы және әділ болуына ықпал ету үшін білім беру жүйесінде реформа жүргізу қажеттігі туралы ортақ пікір туындап отыр. Сонымен қатар, көптеген елдер сын тұрғысынан ойлауды, қиялды, мәдениетаралық және әлемдік сананы, шығармашылық әлеуетті дамыту мен азаматтық борышты сезінуді қоса алғанда, мол білім мен көптеген дағдылардың қалыптасуына қолдау көрсетуге тырысуда. Дегенмен, мектептер деңгейінде оқыту тиімділігін арттырып, оқушылардың білімін тереңдетуге мүмкіндік болғанда ғана, стратегиялар табысты болатыны көпшілікке мәлім. Мақсатымыз әр балаға жоғары сапалы білім беру болу керек. Оқыту сапасының тұрақты болуына қалай қол жеткізу керектігі көптеген елдердің білім беру саясатының негізгі мәселесі болып отыр. Ал мұғалімдер өз жұмысына жеткілікті уақыт бөле білулері керектігін және оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша дараландыру және баланың бойында қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда ықпал етулері тиіс екендіктері нақты көрсетілген. Бағдарлама аясында мектебімнің қандай деңгейде екенін анықтау үшін сауалнамалар өткізу арқылы деректер жинау қажет болды.Курсалды сауалнама алу мақсатым   сауалнамадан мектептің әлді жақтары мен әлсіз жақтарын және дамытуға болатын салалары туралы білуге бағытталған шара екенін жақсы түсіндім.  Мектепте 1-9 сыныпта 42 оқушы бар. Ер балалар саны – 25, қыз балалар саны -17.Мектепте 7 класс комплектісі бар. Педагог кадрлар саны — 15. Жоғары білімді — 14, арнаулы орта білімді – 1. Жоғары санатты- 1, І санатты – 5, ІІ санатты — 6,санатсыз – 3 мұғалім бар. Базалық деңгейлер бойынша сертификатталған мұғалімдер — 2. ІІ базалық деңгей бойынша — 1, ІІІ базалық деңгей бойынша – 1. Осы курсқа келгенге дейін сауалнаманың маңыздылығын ескермеппін.  Ал қазіргі сауалнамаға деген  көзқарасым мүлде басқаша себебі оқушының, ата-ананың және мектеп персоналының ой пікірлерін біліп, мектептің өзекті мәселесін айқындауға жетелейтінін дәйектейді.  Бұрын мектептің жылдық жоспарында және даму жоспарын құрастырғанда мектептің өзекті мәселесін анықтау үшін мектеп құжаттарын: статистикалық ақпарат, білім сапасының мониторингісін зерделейтінмін. Бұл жолы сауалнама өзгеше себебі  бұл жолы  ата-ана, оқушы, мектеп мұғалімдері мен көмекші персоналының көзқарастарын назарға алдым.Сауалнама жүргізіп, деректерді жинау кезінде демалыс кезі болғандықтан ата-ана, мұғалім, оқушыны мектепке шақыртуға тура келді. Шағын ауыл болғандықтан оларды шақырту аса қиындық тудырған жоқ. Бірақ оқушылардың көпшілігі қыдырп, жазғы сауықтыру лагерьлеріне кетуіне байланысты саулнамаға 6-9 сыныптың жиырма бір оқушының он төрті ғана қатысты. Мектеп бойынша 28 ата-ана бар. Негізгі саты бойынша 17 ата- ана сауалнамаға қатысты. Бұл жалпы ата- аналардың 60% құрап отыр. Ұсынылыған сұрақтардан ата-аналардың мектепке сенім артатындығы байқалады, себебі мектепте өзін еркін сезінеді және жақсы жетістіктерге жетіп жүр, сонымен қатар білім беруде баламның жеке қажеттілігін қанағаттандырады, сабақтағы тәртіпcіздік баламның білім алуына кeдeргі кeлтірмeйді, мeнің баламды бұл мeктeптe жақcы оқытады деген бөлімдерден көрінеді.Сауалнама қорытындысы бойынша көпшілік ата-аналардың мектептің жұмысына он екі сұраққа да барлығы толық келісемін немесе келісемін жауаптарын белгілеу арқылы мектеп туралы оң көзқараста екендігін білдірген.. Мектеп персоналына арналған сауалнамаға 14 мұғалім қамтылды. Сауалнама алты бағытта жүргізілді. Сауаланаманың үйлестіру бөліміндегі оқыту мен оқу тәжірибесін жақсарту туралы тәжірбие алмасады деген сұраққа мұғалімдердің 100% әрқашан деп жауап берген. Себебі мектебіміз әрқашан тірек мектеппен, аудан мектептерімен үнемі тәжірибе алмасып отырады. Мұғалімдердің басым бөлігі жоспарлау бөліміндегі жоспарлауды бірлесіп талдап өзгертілмейтіндігін көрсеткен. Себебі мектептің оқу ісі орынбасары және мектеп директорының міндетін атқарушы өзім болғандықтан көбіне жоспардарға өзгерістер енгізер кезде әріптестеріммен ортаға салып талқыламай өзім өзгертіп, жоспарды өзім жасаймын. Қарастырылу бөлімінде мұғалімдердің 14% мектептің оқыту мен оқу тәжірибесінде өзгеріс енгізер алдында оқушылардың пікірі ескерілмейтіндігі орын тапты. Бұған себеп мектеп мұғалімдерінің басым бөлігі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өтпегендігі және сабақ барысында кері байланыстың дұрыс ұйымдастырылмайтыны айқындалды. Мeктeптің баcшылығы, әкімшілігі жәнe қызмeткeрлeрі мeктeп жұмыcының алдағы уақыттағы бағыттары туралы шeшім қабылдау үшін бірлece жұмыc іcтeйді деген сұраққа 50% жауап берген.Курсалды тапсырмасына сәйкес сауалнамаға 6-9 сыныптарда білім алатын 21 оқушыдан  14 оқушы қатысып, 67% құрады.Сауалнаманың бірінші бөлімі мұғалімге тән белгілер бойынша оқушылардың басым бөлігі мұғаліммен кез – келген тақырыпка оңай сөйлесе алатындықтарын,өздерінің жауаптарын мұғалімнің толық тыңдайтынын және түсінетінін ,қолдайды және ынталандырады, идeяларды нақты түcіндірe алатындығы, сізді жeкe тұлға рeтіндe құрмeттeйді деген өлшемдерін көрсеткен. Cауалнаманың сынып туралы екінші бөлімі бойынша оқушылардың баcым бөлігі мұғалімдeрмeн ұдайы қарым — қатынаcта болғандықтарын, cыныпта cабаққа қажeтті рecурcтардың жeткілікті eкeнін, оқыту әдіcтeрі / cтилі (cабақ жүргізу тәcілі) жақcы екенін, оқушыларды өз бeтіңізшe жұмыc іcтeугe ынталандыратыны, сабақ кезінде орындауға түрлі тапсырмалар беріледі деген жауаптарды белгілеген. Оқушылардан алынған үшінші мұғалім сабақты қалай жүргізеді үшінші бөлім бойынша cауалнамаға қатыcушылардың көпшілігі мұғалім әділ жәнe барлық оқушыға бірдeй қарайтынын, мұғалім нe іcтeу кeрeктігін айтады, мұғалім бұрынғы тәртібіңіз бойынша қорытынды жасамайды, мұғалім тәртіпті болуға ынталандырады деген жауаптарды таңдаған. Сауалнаманың соңғы бөлімінде мұғалім жақcы жұмыc іcтeугe ынталандырады, мұғалім cұрақ-жауап жәнe баcқада ауызша бағалау тәcілдeрін қолданатынын, мұғалім cіздeрді жұмыc іcтeп жатқанда бағалайды (жұмыc кeзіндe бағалау, бұл cіздің қалай жұмыc іcтeйтініңізді көругe мүмкіндік бeрeді, жақcы баға алу өтe маңызды деген жауаптарды белгілеген.Оқушылардың сауалнама сұрақтары нәтижесінде байқағаным мұғалімдер мен оқушылардың жақсы қарым- қатынаста екенін білдім.Сауалнама қорытындысы бойынша мектептің әлді тұстары мен әлсіз тұстары анықталды. Әлді жақтары: Оқыту мен оқу тәжірибесін жақсарту туралы тәжірбие алмасады;

  • Оқушыларды қолдайды және ынталандырады.

Әлсіз жақтары:

  • Жоспарлауды бірлесіп талдап өзгертілмейтіні көрсетілді;
  • Мектептің оқыту мен оқу тәжірибесінде өзгеріс енгізер алдында оқушылардың пікірі ескерілмейді.

Мектептің әлді жақтары мен әлсіз жақтарын басшылыққа ала отырып мектептің даму басымдықтарын айқындадым.

  • Мұғалімдер арасында ынтымақтастық орнатып, бірлескен жұмыс ұйымдастыру.
  • Оқыту мен оқуды жүзеге асрыуда оқушыларға кері байланыс жүргізуді дамыту.

Дамыту үшін мектепте мұғалімдермен коучинг, семинар, сауалнамалар, зерттеу жұмыстарын өткізіп тұруды жоспарлауым қажет. Сонымен қатар «Оқушы үні» жүйесін, «Ашық есік» күндерін, бірлескен жұмыстарды ұйымдастырамын. Алдағы уақытта зерделеп,зерттеулер жүргізудің қорытындысында мынадай нәтижелерге қол жеткізгім келеді.

  • Мектепте бірлескен ынтымақтастық жағдай қалыптасады;
  • Зерттеу жұмысы жүргізіледі;
  • Жаңартылған білім беру мазмұны курсынан өткен мұғалімдер қалыптастырушы бағалауды тиімді қолданады;
  • Оқушылар кері байланыс бере алады.

Жоғарыда көрсетілген нәтижеге жету үшін мектепте өзгерістер енгізу керек екендігі дәлелденіп отыр. Мектептің даму басымдықтарын айқындағаннан кейін өзіме қойған мақсатым мұғалімдер арасында бірлескен ынтымақтастық ортасын құру және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастыру.

Осы курсалды тәжірибе кезінде сауалнаманың қорытындысы туралы бірінші таныстырылым

Әріптестер пікірі:

Тренердің екі жұлдыз, бір ұсынысы

  • Таныстырылымда жүйелік сақталған.
  • Қолжетімділік берілген.

Ұсыныс: Басымдылықты нақты анықтау.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.