Бөгет бұзылып 58 адам көз жұмды: Назарбаев көңіл айтты
Қысқа сілтеме алу
25 қаңтар күні таңертең Бразилияда бөгет бұзылып, ондаған адам қаза болды
АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия президенті Жаир Мессиас Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минас-Жерайс штатындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Осындай қиын сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза тапқандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына көңіл айтамын.
Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін», – делінген жеделхатта.
Жағалауда өнер көрсетіп жатқан музыканттарды кенет су шайып кетті
25 қаңтар күні таңертең Брумадинью муниципалитеті аумағында (Минас-Жерайс штаты) бөгет бұзылды. 305 адам із-түзсіз жоғалып кетті, билік 58 адамның қайтыс болғанын растады.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/