«Кітапты сүюшілердің бәсекесі» Кітапханалық сабақ
«Кітапты сүюшілердің бәсекесі» Кітапханалық сабақ
Автор: Сапарова Макпал Маликовна
Бағыты: Кітапханашылар Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-01-28
Материал туралы қысқаша түсінік
кітапханашыларға
- Кітаптың шығу тарихы.
- «Кітаптың ата-аналары»
- «Кітаптың құрылысы»
- «Кітап, білім,жазу жайлы халық даналығы»
Бәсекенің бірінші белесі. Кітаптың шығу тарихы. Адамзат қағаз ойлап тапқанша жазу үшін қандай заттарды пайдаланды, алғашқы әліпбиді ойлап тапқан адам, қазақ әліпбиінің атасы кім, қай ғасырда қағазды ойлап тапты, Кітап апталығы қашан тойланады т.б. сұрақтар төңірегінде болады.
- Кітаптардың алғашқы түрлері қай жерлерде пайда болған?
( Мысырда, Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде)
- Жазу қайда жазылған және жазуға қандай заттарды пайдаланған?
( қыш текшелерге, тақта тастарға сына жазуымен, паирус)
- Қамысқа кітап жазу қай елде, қай ғасырда пайда болды? ( б.з.б.7 ғасырда, Грекияда)
- Кітап қай ғасырда дүниеге келді? ( б.з.1-ғасырда)
- Қағазды қай уақытта, кім ойлап тапты? ( 105 ж. Қытай шебері Цай Лунь)
- Баспа қалыбын қай уақытта ,кім ойлап тапты? ( 15 ғ-да неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг)
- Ежелгі Қазақстанда жазу қалай пайда болды? Ол жазуларды қалай атаған? ( жартастарда, үңгірлерде, ыдыстарды пайдаланған. Оларды «петроглифтер» деп атаған)
- Қазақстанның қай жерлерінде «петроглифтер»- жартастағы суреттер табылған? (Қапшағай маңайындағы Қаратау тауларында Арпаөзен шатқалдарынан ең үлкен жартастағы суреттер табылған)
- Шығыс Қазақстанның қай өңірінен «петроглифтер » табылды. ( Шығыс Қазақстан өңірінен Ұлан ауданы Бестерек ауылының маңайынан)
- Әліпбиді кім ойлап тапқан? (Кирилл және Мифодий)
- Әліпби қалай аталған? (кириллица)
- Қазақ әліпбиінің негізін қалаушы кім?( Ахмет Байтұрсынов)
- Қазақстан территориясында қандай ежелгі кітапхана болған? (Отырар кітапханасы)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қай жылы ашылды? (1931 ж)
Екінші белес: «Кітаптың ата-аналары» Бұл белесте кітапты жазатын жазушылар мен ақындар жайлы мәліметтерді білулеріміз керек. Мысалы, қазақ жазушыларының арасында фамилиялары,аттары бірдей қандай ақын-жазушыларды,өнер,қоғам қайраткерлерін білесіңдер?
- Фамилиялары бірдей қандай ақын, жазушыларын, қоғам қайраткерлерін білесің? ( Тұманбай Молдағалиев, Жұбан Молдағалиев, Жайсаңбай Молдағалиев, Қасым Аманжолов, Сәрсен Аманжолов, Асқар Сүлейменов, Асқар Сүлейменов, Мұхтар Шаханов, Берік Шаханов)
- Аттары бірдей қандай жазушыларды білесің? ( Мұхтар Әуезов, Мұхтар Мағауин, Мұхтар Шаханов, Мұхтар Құрманалин, Сәбит Мұқанов, Сәбит Досанов, Сәбит Дөнентаев)
- Ең көп шығарма жазып қалдырған қандай жазушыларды білессің? (Мұхтар Әуезов елу томдық, Әбіш Кекілбаев 12 томдық,Қабдеш Жұмаділов 12 томдық,Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов)
- Өз өмірлерінің деректерін шығармаларына арқау қылған жазушыларды ата.Сәкен Сейфуллин,Бердібек Соқпаебаев)
- Қандай балалар ақын, жазушыларын білесіңдер? ( Бердібек Соқпақбаев, Марат Қабанбаев, Өтебай Тұрманжанов, Құрманбай Толыбаев, Машқар Гумеров, Мұхтар Құрманалин)
- Қай балалар жазушысының шығармасы бойынша кинофильм түсірілді? (Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»)
- М.Әуезовтың жыртқыш аң туралы жазған шығармасы? ( «Көксерек»)
- М.Әуезовтың қандай шығармалары бойынша кинофильм түсірілді? ( «Қараш-қараш оқиғасы» , «Көксерек»)
Үшінші белес . «Кітаптың құрылысы» Бұл белесте кітаптың құрылысы жайлы: кітаптың мұқабасы, кіріспе, соңғы сөз, кітаптың шрифі т.б. Олардың атқаратын ролі жайлы.
- Кітап қай элементтен басталады?(суперқап,мұқаба)
- Форзац деп кітаптың қай жерін атаймыз? (Сол жақта переплет асты,оң жақта кітаптың бірінші беті.Форзац ақ немесе боялған болуы мүмкін)
- Кітаптың келесі құрылысы қалай аталады? (Сол жағында фронтиспис, оң жағында титул беті, фронтиспис- илюстрация, бұл кітап мазмұны жайлы ең негізгі мәлімет. Бұнда автор, оның портреті болуы мүмкін)
- Титул бет арқылы не білуге болады? Кітаптың авторы,кітаптың аты,қай жылы,қай баспадан шыққаны,аудармашы,не суретшісі болса ол туралы мәліметтер болады)
- Суперқаптың атқаратын ролі? (Оқырманның көңілін аударады, бүлінуден сақтайды, автордың көзқарасын, ішкі ойын білдіреді)
- Кітаптың алғы сөзі арқылы не білуге болады? (Кітаптың қысқаша мазмұнын білуге болады)
- Кітаптың мазмұны қандай бөлімдерге бөлінеді? (Параграфтардан тұрады,оларды римше,не үлкен,кіші әріптермен бөлуге болады)
- Кітап кім үшін жазылады? (Оқырман үшін)
- Кітапханада оқырман туралы мәліметті, оның қандай кітап алғанын қайдан білеміз? (Оқырман формуляры арқылы)
- Кітапхананың қай бөлімінде кітап үйге беріледі? (Абонемент)
- Кітаптың суреттері қалай аталады? (Иллюстрация)
- Кітап оқығанда нені пайдаланамыз? (Қыстырма қағаз)
Төртінші белес. «Кітап, білім, жазу жайлы халық даналығы». Осы тақырып бойынша ең көп мақал-мәтел айтқан оқушылар.
- Оқу-білім бұлағы.
Білім-өмір шырағы.
- Оқу- білім азығы.
Білім-ырыс қазығы.3.Білімнің басы-бейнет, соңы-зейнет.4.Оқығанды айтпа, тоқығанды айт.5.Білімдіге дүние жарық,білімсіздің күні кәріп.6.Өнер ағып жатқан бұлақ,білім жанып жатқан шырақ.7.Кітап-алтын қазына.8.Күш білімде,білім кітапта.9.Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.10.Кітап- ғылым, тілсіз мұғалім.
- Кітап-көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан.
- Кітап- көптің ұстазы.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.