өлшеудің түрлі ұзындық бірліктері,
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5. 1 А Натурал сандар және нөл саны
Сабақтың тақырыбы Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру. Қос теңсіздік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
5. 3. 1. 1 өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін білу және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсіну;
5. 5. 2. 2 натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;
Сабақтың мақсаты: Барлығы: өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін және координаталық сәуледегі бірлік кесіндіні біледі, түсінеді, анықтайды және жазады;
Басым көпшілігі: өлшеудің түрлі ұзындық бірліктері және координаталық сәуледегі бірлік кесінділер берілген есептерді шығарады
Кейбіреулері: өлшеудің түрлі ұзындық бірліктері және координаталық сәуледегі бірлік кесінділер берілген мәтінді есептерді шығарады
Бағалау критерийі — терминдерді түсінеді, өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін және координаталық сәуледегі бірлік кесіндіні түсіндіріп анықтайды.
— Оқулықтағы тапсырмаларды топпен бірігіп талдайды, бір — біріне түсіндіреді, талқылайды зерттейді, есептер шығаруда қолданады.
— Тақырыпты меңгере отырып жаттығу жұмыстарын орындау арқылы сабақты жинақтайды, бағалайды.
Тілдік мақсаттар өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін біледі және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді, натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеуді түсінеді және өз ойларын жеткізеді.
Тақырып бойынша терминдер: жазықтық, сәуле, түзу, кесінді, координаталық сәуле, сандық сәуле
Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын терминдер:
— Қандай кесінділерді ұзындық бірлігі ретінде алуға болады?
— Координаталық сәуле салу үшін не жеткілікті?
— Координаталар басы қалай белгіленеді?
— Қандай кесіндіні бірлік кесінді дейміз?
Құндылықтарға баулу Тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы.
Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік. (Жұптық жұмыс арқылы тапсырманы орындайды.)
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану.
(Миға шабуыл: «Кім шапшаң» әдісі арқылы тапсырманы орындайды)
Алдыңғы бөлім «Натурал сандар жиыны, тақ және жұп сандар» тақырыбына байланысты сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Мин. Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Дереккөздер, ресурстар
Сабақтың басы 0 — 12
12 — 15
15 — 17 Сәлемдесу. Психологиялық жағымды ахуал орнату. «Лезде» әдісі арқылы үй жұмысын пысықтау. «Балалар философиясы» әдісі арқылы мұғалім тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіреді. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут береді. Оқушылар шеңберге оралғанда, тақырыпқа/пәнге қатысты жауап алғылары келетін сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір — екі минут беріледі. Сұрақтарын құрастырып болған соң, оқушылар пікір алмасып, талқыланатын мәселеге қатысты бір тоқтамға келу үшін дауыс береді. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, үйлестіруші ретінде қатысады.
Оқушыларды жаңа тақырыпқа байланысты топтастыру. Төрт түрлі қағаз тарату арқылы. 1 — топ(қызыл) түзу, 2 — топ(сары) сәуле, 3 – топ (жасыл) кесінді, 4топ (көк) жазықтық. Неліктен бұлай топтастырғанымды сұрау арқылы тақырыпты негіздеу.
Миға шабуыл: тапсырма «Кім шапшаң» әдісі арқылы.
1. Сырдария өзенінің ұзындығы……… км.
2. Жер экваторының ұзындығы……… м.
3. Талғар шыңының биіктігі……… м.
4. Ай мен Жердің ара қашықтығы……. м.
5. Джомалунгма тау шыңы биіктігі…….. м
1 — 2219км. 2 — 40075696м. 3 — 4973м. 4 — 365400км. 5 — 8848м.
ҚБ:» Бас бармақпен»
Сергіту сәті: Оқушылардың эмоционалдық аймағын арттыру мақсатында сергіту сәтін ұйымдастыру. «Сандарды бейнеле» ойыны арқылы. Кеспе қағаздар.
Топқа бөлу
түзу
сәуле
кесінді
жазықтық
Сабақтың ортасы 17 — 27
27 — 35
35 — 42
Джигсо әдісі. (Оқулықпен жұмыс) Деңгейлік тапсырмалар.
— Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі.
— Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған оқушылардың барлығы Сарапшы топ деп аталатын жаңа топ құрып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін бірлесіп жұмыс істейді.
— Оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады. Материалдар таратылады да, бастапқы топтарға ақтық тапсырма беріледі.
№1 топ.
А) Кесінділерді сызыңдар.
3см, 6см, 1дм, 10см.
С) 1. 37 — суреттегі баланың тұрған орнына және оның итінің тұрған орнына сәйкес нүктелердің координаталарын табыңдар.
1) Егер бірлік кесінді 30 м — ге тең болса, олар неше метр қашықтықтан бір — біріне қарсы жүгіріп келеді?
2) Бала мен ит неше секундтан соң кездеседі?
Жауабы: В) 1. 50, 130; 2. 30 секундтан соң
№2 топ. А)
Координаталық сәуледе А, В, С және D нүктелеріне қандай сандар сәйкес келеді (1. 31 — сурет)? А, В, С және D нүктелерін координаталарымен жазыңдар.
Жауабы: 1. А(2), В(3), С(4), D(6); 2. А(5), В(15), С(25), D(40)
В) Алдар көсе 80 ммин жылдамдықпен Шығайбайдың үйіне келе жатыр (1. 35 — сурет) Координаталық сәуледе Шығайбайдың үйі А нүктесімен кескінделген. Мұндағы бірлік кесінді 40 метрге сәйкес.
1) Координаталық сәуледе Шығайбайдың үйіне сәйкес нүктенің координатасын табыңдар;
2) Алдар көсе Шығайбайдың үйіне неше минутта жетеді?
Жауабы: 4 минутта
№3 топ.
А) Бірлік кесінді ретінде ұзындығы 1 см кесіндіні алып, координаталық сәуле сызыңдар. Оның бойында 2, 6, 8 және9 сандарын кескіндейтін А, В, С және D нүктелерін белгілеңдер. ОА, ОВ, ОС және OD кесінділерінің ұзындықтарын сантиметр есебімен табыңдар.
С) Қалада өзара екі — екіден қиылысатын түзу сызықты үш жұп көше бар. Көшелердің әрбір қиылысында бағдаршам орнатылған. Осы қалада неше бағдаршам бар
№4 топ
А) Бір — бірімен қиылысатын екі түзу сызып, түзулерді және олардың қиылысу нүктесін белгілеңдер.
В) Кесіндінің бойына кез келген екі көрші нүктенің арасы 3 см болатын 20 нүкте белгіленген. Шеткі нүктелердің арақашықтығы қанша?
ҚБ: «Бағдаршам»
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:
Ойлау дағдыларының деңгейлері: Білу, түсіну, қолдану, талдау.
Бағалау критерийлері:
— терминдерді түсінеді, өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін және координаталық сәуледегі бірлік кесіндіні түсіндіріп анықтайды.
— оқулықтағы тапсырмаларды топпен бірігіп талдайды, бір — біріне түсіндіреді, талқылайды зерттейді, есептер шығаруда қолданады.
— тақырыпты меңгере отырып жаттығу жұмыстарын орындау арқылы сабақты жинақтайды, бағалайды.
Тапсырма.
А) Шегірткенің секіру қозғалысын координаталық сәуле бойында кескіндеңдер. Шегіртке координаталық сәуле бойымен А(3) нүктесінен солға қарай 2 бірлік кесіндіге секірген соң, оңға қарай 5бірлік кесіндіге секіреді. Шегіртке осылайша қозғалысты жалғастырады. Шегіртке координатасы 2, 4, 5, 7, 9 және 11 нүктелердің қайсысында болады.
Жауабы: 11
В) Бірлік кесінді ретінде ұзындығы 1см кесіндіні алып, сан сәулесін сызыңдар. Сәуленің бойынан 0, 3, 4, 7 және 9 сандарына сәйкес келетін нүктені белгілеп, сол нүктелерді координаталарымен жазыңдар.
А) Оқулық 5сынып «Арман — ПВ» 2015ж. 8 — бет
С) 5 — сынып «Атамұра» 2015ж. 25 — бет І — бөлім
А) 5 — сынып «Атамұра» 2015ж. 22 бет І — бөлім
В) 5 — сынып «Атамұра» 2015ж. 24 — бет І — бөлім
А) 5 — сынып «Атамұра» 2015ж. 22 — бет І — бөлім
С) Оқулық 5сынып «Арман — ПВ» 2015ж. 17 — бет
А) Оқулық 5сынып «Арман — ПВ» 2015ж. 16 — бет
А) Оқулық 5 сынып
«Атамұра» 2015ж.
25 — бет. І — бөлім.
В) Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
5 — сынып. 2017ж
Дескриптор:
— координаталық сәуледегі бірлік кесіндіні біледі және сызады;
— координаталық сәуледе берілген нүктелерді белгілейді, анықтайды;
— координаталық сәуледегі шарт бойынша есептерді шығарады.
Қазақстандық қоғамның құндылықтарын және білім беру құндылықтарына сүйене отырып қазақтың байырғы өлшем бірліктерін түсіндіру.
Тапсырма. Жұптық жұмыс
Байырғы өлшем бірлігімен берілген кесіндінің ұзындығын қазіргі замандағы өлшем бірліктеріне айналдырып, кестені толтырыңдар.
Кесіндінің ұзындығы
Байырғы өлшем бірлігі Қазіргі өлшем бірлікте — терімен (см, м, км) Байырғы өлшем бірлігі Қазіргі өлшем бірлікте — терімен (см, м, км) Байырғы және ағылшын — американдық өлшем бірліктерімен Қазіргі өлшем бірлікте — терімен (см, м, км)
11 тұтам 49, 5см 8сала құлаш 1408 см 550 миль 884км95м
12 қарыс 252 см 9 құлаш 1512 см 12 ярд 1096см8мм
4 білек 180 см 6кере құлаш 14м 88см 60 фут 1830см
7 аршын 497 см 3шақы — рым 5 км 1м 73 дюйм 182см5мм
12 елі 24 см 4бұршақ 288 см 5күзгікөш — жер 127км5м
9 қозы —
көш жер 130, 5см 2көшжер 29м 3ортакөш — жер 270км
113 көген 17628см 17 кез 1054см 19 қазық 57м
ҚБ: «Жапсырма смайликпен»
Қосымша тапсырма:
Сан сәулесінің R нүктесіне тұтам саны сәйкес келеді. Сан сәулесінде: а) Rнүктесінен оңға қарай 1 тұтам; ә) Rнүктесінен солға қарай 2тұтам орналасқан нүктелерді белгілеңдер. Нүктелерді координаталарымен жазыңдар. Екі шеткі нүктелердің арасын сызғышпен өлшеңдер.
ҚБ: Смайликпен 5 — сынып
Ж. У. Кобдикова, Ш. Қ. Нұрманбетова, А. К. Жолдасова, Е. Харабай. «Арман — ПВ» 2015ж
Кеспе қағаздар
Сабақтың соңы (42 — 45) Қорытындылау. Рефлексия «Жеміс ағашы» арқылы
— нені білдім, нені үйрендім;
— нені әлі түсінбедім;
— нені білгім келеді. Стикерлер
және жеміс ағашының суреті.
Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық — коммуникациялық технологияларды қолдану
Оқушылар деңгейлеріне байланысты жетекші деңгейлік тапсырмалар берілді. Қолданылған белсенді оқыту әдіс — тәсілдері «Балалар философиясы», «Топқа бөлу», «Джигсо», «Кім шапшаң», «Жұптық жұмыс», «Жеке жұмыс», «Сандарды бейнеле», «Жеміс ағашы». Сабақта қолданылған қалыптастырушы бағалаулар:
Миға шабуыл әдісі «Бас бармақпен», Джигсо әдісі «бағдаршам», Қалыптастырушы бағалау тапсырма дескриптор арқылы, Жұптық жұмыс «Жапсырма смайликпен», «Смайликпен» бағаланды.
Сергіту сәті «Сандарды бейнеле». Сабақты түзу, жинақы отыру, ТҚ ережелерін сақтау.
Нәтиже
Сабақтың/оқу міндеттері шынайы болды ма?
Бүгін оқушылар нені білді?
Оқу атмосферасы қандай болды?
Менің жоспарлаған сабағым дұрыс болып шықты ма?
Мен регламентті сақтадым ба? Менің жоспарымда қандай өзгерістер болды және олар қандай
Төмендегі бос орынды сіздің сабағыңызды сипаттауға пайдаланыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақтың сапасы туралы сұрақтардың ең маңыздыларына жауап беріңіз
Жалпы бағалау:
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1.
2.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
Дереккөз: http://bilimsite.kz/