Сабақ: Аулада № 293 тоқсан № 13 |
Мектеп: Архипов орта мектебі |
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Қалиева Д.Н. |
Сынып:1 |
Қатысқандар саны: 6 |
Қатыспағандар саны: 0 |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) оқу бағдарламасына сілтеме: |
1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну1.2.2.1.Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.1.3.4.1.Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою. |
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: |
|
Аулада не істей алатынын айта алады, тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады. |
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
|
Тақырып көлемінде өзара сөйлесе алады, мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын дұрыс қолдана алады. |
|
Кейбір оқушылар: |
|
Аулада не істейтіні туралы толық айтады, сабақта меңгергенін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады. |
Бағалау критерийі: |
Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен аулада не істейтінін,қандай ойын ойнайтынын айта алады.Мәтін бойынша сұрақтар қоя алады. |
Ойлау деңгейлерінің дағдылары: |
Білу Түсіну Қолдану |
Тілдік мақсат: |
Оқушылар орындай алады: Сұраққа жауап бере алады.Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: аулада-во дворе,доп-мяч, рисую-сурет саламын, ойнаймын-играю.Диалог құруға, мәтін жазуға арналған пайдалы тіркестер:аулада асық ойнаймын, гүлдер бар, ағаштар бар.Талқылауға арналған сұрақтар?Сен аулада не істейсің? |
Құндылықтарға баулу: |
Еліміздің табиғатын қорғау, оның тазалығын сақтауға баулу. |
Пәнаралық байланыс: |
Дүниетану, орыс тілі. |
АКТ қолдану дағдылары |
тақтаны қолдану. |
Алдыңғы оқу: |
Өткен тақырыптармен байланыстырады. |
Басталуы(5минут) |
І.Ұйымдастыру кезеңі.1.Сәлемдесу.Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.Біз бақытты баламыз,Кілең бестік аламыз.Зейініміз ашылсын,Біліміміз тасысын!ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.«Сұрақ-жауап» әдісі -Аула қандай?-Аулада нелер бар?(Қ.Б)мақтау,мадақтау |
Шаттық шеңбері
«Сұрақ-жауап» әдісі
|
Ортасы
5Мин
5
5
(2минут)
5
5
5
|
ІІІ.Сабақтың тақырыбын, мақсатын және критерийін таныстыру.Сөздікпен жұмыс.Во дворе –аулададоп-мячрисую-сурет саламынойнаймын-играю.1-тапсырмада оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударамын.Берілген мәтін үлгісі арқылы жаңа сөздермен танысады және сөйлесу үлгісіне аудару.Тыңдау арқылы оқушылар: Сен аулада не істейсің?деген сұраққа жауап береді: Мен аулада ойнаймын.Мен асық ойнаймын.Мен сурет саламын.Мен велосипед тебемін.Оқушылармен мәтінді тыңдау, қайталау жұмыстарын жүргіземін, осы сұрақ-жауап үлгілері негізінде өзінің аулада не істейтінін айтуға жаттығады.Дескриптор.-Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен аулада қандай ойын түрлерімен ойнайтынын айтты.-Мәтін бойынша сұрақтар қойды.(Қ.Б). «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.2-тапсырмада оқушылар сұраққа жауап беріп, толықтырып айтуға жаттығады.Берілген сөздерді(футбол, асық, сурет, велосипед) тағы бір қайталайды, ойнаймын,тебемін, саламын етістіктерін пысықтайды.Оқушылар топта, жұпта бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді.Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
Ширату жаттығу:Орнымыздан тұрамыз,Алақанды ұрамыз.Бір отырып, бір тұрып ,Біраз сергіп қаламыз.
Осыдан кейін оқушылардың назарын «Есте сақта!» айдарына аударамын. Етістіктердің болымсыз түрін қалай айту керек екенін үйретемін. /асық ойнаймын, ойнамаймын, велосипед тебемін, теппеймін, сурет саламын, салмаймын / деп айтып жаттығады.Оқушылардың назарын мына белгілерге /х, v/ аударады, бұл белгілер басқа да тапсырмаларында кездеседі, бірі болымды, екіншісі болымсыз етістікті білдіреді, яғни бір нәрсені істейтінін немесе істемейтінін көрсетеді.
3-тапсырмада оқушыларды толықтырып айтуға жаттықтырады. Алдында айтылып кеткен белгілердің сипаты бойынша оқушылар не істейтіндерін, не істемейтіндерін айтады. Оқушылардың жауаптары: Мен велосипед тебемін. Мен асық ойнамаймын. Мен сурет салмаймын. Мен футбол ойнаймын.(Ж)4-тапсырмада арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына:Сен аулада не істейсің?) жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу. Содан кейін оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Бұл үлгіні алдыңғы сабақтарда үйренген сұрақтармен толықтыруға болады, яғни балалар бір-бірімен амандасады. Содан кейін бір-бірінен атын, жасын, нешінші сыныпта оқитынын, аулада не істейтінін сұрайды.(Мен аулада велосипед тебемін.Мен асық ойнаймын.Мен сурет саламын.Мен доп ойнаймын).Дескриптор.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап берді.Қ.б. От шашу әдісі арқылы бағалайды.
Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
|
Оқулықпен жұмыс
Ауланың суреті
доп,асық, велосипедтің суреті
№1дәптерменжұмыс
|
Аяқталуы5
Қорытынды
|
«Ыстық орындық» әдісі.-Аулада не бар?-Сен аулада не істейсің?-Аулада қандай ойын ойнайсың?
Кері байланыс орнату. Нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
|
«Ыстық орындық» әдісі |
Қосымша ақпарат |
Саралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сізқабілетіжоғары оқушыларғатапсырманыкүрделендіруді қалайжоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардыңүйренгенін тексеруді қалайжоспарлайсыз? |
Қауіпсіздік және еңбектіқорғау ережелері: |
РефлексияСабақ / оқумақсаттарышынайы ма?Бүгін оқушылар небілді?Сыныптағы ахуалқандай болды?Мен жоспарлағансаралаушараларытиімді болды ма?Мен берілгенуақыт ішіндеҮлгердім бе? Менөз жоспарымақандай түзетулеренгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
Қорытынды бағамдауҚандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2:Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2:Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |