Еуропа көгінде «Эйр Астана» ұшағының дабыл жүйесі іске қосылды

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

26 0 0

Әуе оқиғасы жексенбіде болған. Борттағы адамдардың ешқайсы зардап шекпеді

АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Air Astana ұлттық әуе компаниясының ұшағы ақаулық табылуына байланысты Португалияға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Оқиға жексенбі, 11 қарашада болды. Португалияда техникалық қызмет көрсету орталығында тұрған Эмбраер 190 әуе кемесіндегі техникалық ақаулық дабылы іске қосылған.

Экипаж Бейджа қаласындағы (Португалия) қосалқы аэродромға қонуға шешім қабылдады.

Қону кезінде төтенше жағдай болмады. Бортта экипаж мүшелері ғана болған.

Бірнеше күн бұрын Алматы-Тбилиси рейсін орындаған Air Astana ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтауға қонуға мәжбүр болған еді. Ал жерде ұшуды жалғастыруға мүмкіндік бермейтін техникалық ақаулық табылған.