Ақтөбеде мектеп оқушыларының төбелесінен 15 жастағы бала көз жұмды — новости Казахстана

0

Ақтөбе облысында мектеп оқушыларының төбелесінен 15 жастағы бала көз жұмды. Оқиға кеше кешке Шалқар ауданында болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: kabarlar.org

Көрнекі фото: kabarlar.org

Жасөспірімнің кеудесіне өткір зат кіріп кеткен. Төбелес Шалқар қаласындағы №6 жалпы орта білім беру мектебі мен Ідіріс Үргенішбаев атындағы мектеп оқушыларының арасында болған.

10 сынып оқушылары арасындағы жанжалдан Мирасбек Дәулетияр ауыр жарақат алып, көз жұмды. 

«Кеше кешкілік 19:15 шамасындa жеткізілген жасөспірімнің жағдайы өте ауыр болды. Кеуде қуысынан жарақат алып, қан ішіне кетіп қалған. Құтқарып қалу мүмкін болған жоқ. Ол бірден көз жұмды», — дейді Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Асқар Еспағамбетов.

Ал мектеп директоры оқиғаға орай күдікке алынған оқушылардың полиция бөлімшесінде екенін айтты. 

«Біз бұл хабарды кешкі сағат 20:00 шамасында естідік. Бірден 8-11 сынып оқушыларының ата-аналарына хабарласып, балаларының үйінде екеніне көз жеткіздік. Кейін аудандық полиция бөлімшесіне бардық. Төбелеске қатысы бар деген оқушылардың ата-аналары әлі ішкі істер бөлімінде жүр», — дейді мектеп директоры Алия Оспанқызы.

Мектеп басшылығы марқұм болған Мирасбек Дәулетияровтың спорттық шаралардан жүлде алып жүрген белсенді оқушы болғанын айтты.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар

Дереккөз: kaz.nur.kz