Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану |
Мектеп: № 49 ЖОББМ КММ |
Күні: 22.11.2018 |
Мұғалімнің аты-жөні: Мұхаметсадық Н.Қ. |
Сынып: 6 «Б» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы |
Рационал сандардың периодты ондық бөлшек түрінде жазылуы. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
6.1.2.18шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатын жай бөлшектерді танып білу; 6.1.2.19рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету; 6.1.2.20шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табу; |
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеулі, шектеусіз периодты ондық бөлшектер түрінде жаза алады және периодын көрсете алады. |
Бағалау критерийлері |
Окушы:— қандай қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатынын білу;— қандай қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеусіз периодты ондық бөлшектер түрінде жазуға болатынын білу;— шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табады. |
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар:
рационал сандарды көбейтуді/бөлуді ауызша айқындайды;
жай бөлшекті ондық бөлшекке және ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруды түсіндіреді;
шексіз периодты ондық бөлшектің периодын табуды түсіндіреді;
мәтіндік есептерді шешу қадамдарын айқындайды;
сандық өрнектің мәнін табуда амалдарды орындау ретін түсіндіреді;
рационал сандарға амалдар орындау қасиеттеріне сүйенеді.
Бөлім бойынша лексика және терминология
шектеулі ондық бөлшек;
шектеусіз периодты ондық бөлшек;
шектеусіз периодсыз ондық бөлшек;
бөлшектің периоды.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
рационал сан жай бөлшек/ондық бөлшек түрінде жазыла алады;
жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру үшін … қажет;
егер сан периодты/шектеулі ондық бөлшек түрінде жазылатын болса, онда ол рационал сан болып табылады;
2,55 санын «екі бүтін жүзден елу бес» деп оқимыз;
0,(6) санын «нөл бүтін периодта алты» деп оқимыз;
3,1(4) санын «үш бүтін оннан бір периодта төрт» деп оқимыз;
|
Құндылықтарды дарыту |
Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру. |
Пәнаралық байланыстар |
Қолданбалы математика есептері |
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру |
Бастапқы білім |
Рационал сандарды көбейту және бөлу. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы0 — 5 мин |
Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу. Оқушылар бір-біріне бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.Топқа бөлу. Фигуралар арқылыҮй тапсырмасын тексеру . Бір – бірінің дәптерлерін тексеру Ой – түрткі:(Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар беру)С-1: Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер шектеулі ондық бөлшек түрінде жазылады?С-2: Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер таза периодты ондық бөлшек түрінде жазылады?С-3: Перидты ондық бөлшектің периоды дегеніміз не? |
слайд
|
Сабақтың ортасы6 – 17 мин
18-25мин
|
Топтық жұмыс«Конверттегі сұрақ» әдісі№1. Жай бөлшектерді периодтық ондық бөлшектер түрінде жазыңдар:
№2. Қай жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болады? №3. Келесі рационал бөлшектерді шектеулі ондық бөлшектерге келтіріңіз:
; b) ; c) ; d) ; e) ; f)
№4. бөлшектері берілген.
бөлімінің жіктелуінде 2 мен 5-тен өзге де жай көбейткіштері болатын бөлшектерді теріп жаз;
бөлімінің жіктелуінде 2 саны да, 5 саны да болмайтын жай бөлшектерді жаз.
Топтар бір-бірін «бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.Кітаппен жұмыс.№580, №585 |
Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 — басылымы. – Алматы: Атамұра,2018.
|
26-27 мин |
Сергіту сәті |
https://www.youtube.com/watch?v=gVs7TcVmdiU |
28-38 мин |
Жеке жұмыс.2 тапсырма.Рационал сандарды периодты ондық бөлшек түрінде жазыңыздар. Таза және аралас периодты ондық бөлшекті анықта. |
Қосымша 2Математика. 6кл.Учебник. Виленкин. Н. Я. 2009. 204 стр. |
Сабақтың соңы38 — 40 мин |
Үй тапсырмасы: №582, 588Сабақ соңында оқушыларға рефлексия жүргізіледі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі |
Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 — басылымы. – Алматы: Атамұра,2018. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Оқушылар өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, жалпы сыныппен оқулық бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Жұптық, жеке жұмыстарда алған білімдерін шыңдайды. |
Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айтылып, әр түрлі смайликтер беріледі. Жұпта бірін-бірі бағалайды. |
Тапсырмалар арасында жаттығулар |