Оқылым. Мәтінмен жұмыс

0





Оқылым. Мәтінмен жұмыс

Автор: Шаймерденова Асемгуль Мухаметалиевна

Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Тест Сыныбы: 10 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-27


Материал туралы қысқаша түсінік

Бұл материал 9-11 сыныптарға ОЖСБ, бақылау және олимпиадалық тапсырмалар ретінде пайдалануға болады.




Оқылым. Мәтінді оқыңыз. Дұрыс жауабын табыңыз. Алматы мұражайларының ішінде ең іргелілері — ҚР Мемлекеттік мұражайы мен Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы. Сондай – ақ Алматы қаласы Тарихи мұражайы,Республикалық Кітап және Музыкалық аспаптар мұражайы және 30 – ға жуық көркемөнер мұражайлары мен бір көрме бар. Соңғы 5 жылда олардың қатарына Д. Қонаев атындағы мұражай мен Алматының Тарихи өлкетану мұражайы және ҚР Мемлекеттік мұражайы жанындағы Саяси қуғын – сүргін тарихы мұражайы қосылды. 1984 жылы мұражайға алғашқы ірі ұлттық суретші – Әбілхан Қастеевтің аты берілді. Қастеев атындағы Өнер мұражайының негізі қаланған сәттен бастар, ол республиканың көркем өмірінің басты орталығы болып табылады. Қазіргі уақытта мұражай сурет өнері саласындағы ең ірі ғылыми – зерттеу және мәдени – ағарту мекемелерінің бірі болып отыр. 2000 жылдың 1 қантарына негізгі қордың саны 21 мың бірлікті құрайды. Мұражайдың бай, жан – жақты, баға жетпес коллекциясы Қазақстанның, Еуропа және Азия елдерінің өткен кезеңдегі және қазіргі уақыттағы шеберлерінің көркем мәдениеті туралы жарқын түсінік береді. Туындылардың оныншы бөлігі залдарда ілінген. Отыз метрге жуық биіктіктегі шаңырақ астында табиғи жарық төгілген кіреберіс залда мүсіндер қойылған. Ә.Қастеевтің мемориалды залы, қазақ халық қолданбалы өнері, 50-60 –жылдардағы, 70-80 –жылдардағы және 90- жылдардағы Қазақстанның сурет өнері,орыс, Батыс Еуропа өнерінің залдары, 3-қабаттың үлкен галереясы советтік кезеңдегі өнерге бөлінген, Шығыс залы орналасқан және 4 залда уақытша көрмелер ұйымдастырылатын барлығы 14 экспозициялық залдан тұрады.1. Алтатыдағы ең іргелі мұражайлардың бірі.А) Кітап мұражайыВ) Музыкалық аспаптар мұражайыС) Ә.Қастеев атындағы мұражай

2.1984 жылы мұражайға кімнің аты берілді ?А) Ә.ҚастеевВ) Абылай ханС) Абай

3. Ә.Қастеев атындағы мұражай неше экспозициялық залдан тұрады?А) ТөртВ) он төртС) жиырма төрт

4.Мұражайдың бай коллекциясы қай елдердің мәдениеті туралы түсінік береді ?А) Қазақстан,Еуропа,АзияВ) Қазақстан,Африка,АмерикаС) Қазақстан,Азия,Америка

5.Мұражайға кіреберіс залда нелер қойылған ?А) қолданбалы өнер туындыларыВ) мүсіндерС) суреттер

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.