Баклажан секілді адамдар өте көп
Күндердің күнінде Башир Шихаби деген әмірші болыпты. Ол қызметшісін шақыртып оған :
— Өткенде баклажан жегім келіп еді…, дей бергенде қызметшісі:
— Баклажан? Ол азық-түліктің атасы, сүйексіз еті, қылтықсыз балығы болып табылады және оны қуырып та, қайнатып та, бұқтырып та жей беруге болады,-деп мақтай түседі. Башир Шихаби сөзін жалғастырып:
— Иә, әрине, бірақ, мен оны жегенімде асқазаным қатты ауырды,-дейді. Қызметші кідірместен:
— Жоқ болғыр баклажан! Ол расында асқазанға өте ауыр, түрі де болса қап-қара реңсіз, адам жер дәмі жоқ,-дей бергенде әмірші:
— Саған не болған? Алғашқыда мақтап едің, енді келіп жамандап жатсың?, дейді таңдана. Сонда қызметші:
— Иә, әміршім. Мен баклажанға емес сізге қызмет етемін. Егер сіз «иә» десеңіз мен қолдаймын, ал егер «жоқ» десеңіз, мен қорлай түсемін. Сондықтан, бүгінде арамызда баклажан секілді адамдар өте көп,-деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы
Дереккөз: http://kazislam.kz/