Эссе. ХХІ — ғасырдағы мұғалімдердің кәсіпқойлығы

0









Эссе. ХХІ — ғасырдағы мұғалімдердің кәсіпқойлығы

Автор: Шамбалаева Айгуль Жадирасыновна

Бағыты: Информатика Бөлімі: Эссе, шығарма, мазмұндама Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-01-26


Материал туралы қысқаша түсінік

Бұл эссе ұстаздардың мәртебесін оятады, ұзтаз мамандығын жан -дүниесімен жақсы көруге шақырады. Оқушыларға эссе жазуға ,осы мамандықты таңдауға бір септігін тигізеді деген ойдамын.




Шамбалаева Айгуль Жадирасыновна
Ақтөбе облысы, Алға қаласы.
№ 4 Алға орта мектебінің информатика пәні мұғалімі.

Эссе.
ХХІ – ғасырдағы мұғалімдердің кәсіпқойлығы.
Қазақстан ХХІ ғасырда дамыған елдермен теңесіп, өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер
бірден-бір құдірет-білім, білімді ұрпақ
Н.Ә.Назарбаев.
Мұғалім- мектептің жүрегі деп Ыбырай атамыз айтып кеткендей, мектепті мұғалімсіз елестету мүмкін емес.Мұғалім –баланың жеке тұлғаның қалыптастырушысы,тәлім- тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу.Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер- ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады -деп атақты педагог-ғалым В.А. Сухомлинский ұстаздық өнерге ерекше баға берген .
Жаңа технология. Жаңартылған білім. Жаңа мектеп және осы мектепте –ХХІ ғасырдың мұғалімі. ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек? ХХІ ғасырдың мұғалімі- рухани- шығармашылық тұрғыдан дамыған, кәсіптік біліктілігімен, педагогикалық дарындылығымен және жаңалыққа ұмтылысымен танылатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ақпараттық технологияны жетік меңгерген тұлға болуы керек.
ХХІ ғасыр мұғалімінің ұстанымы мынай болу керек: Таңертең жұмысқа ризашылықпен келіп, жұмыс аяқталғаннан кейін үйге ризашылықпен қайту. Неліктен мен жұмысқа көңілім алып- ұшып, асығамын: Өйткені бұл – менің жүрек қалауым бойынша таңдаған кәсібім. Өйткені мен- ұстазбын! Өйткені жұмыста мені сыйлайтын, маған сенім артатын, мені сүйетін оқушыларым мен әріптестерім күтуде. Мен дүниедегі ең сауапты кәсіппен айналысамын! Барлық адам – көсемде, ғұлама да, дана да, шебер де, басшы да- біздің қолымыздан шығады! Мен мұғалім болғаным үшін Аллаға рахмет айтамын, тағдырыма ризамын. Мұғалімнің мақсаты – өз жұмысынан қуаныш, рахат, ләззат алу.
Философ Ф.Ницше Егер адам не үшін өмір сүретінін білсе, онда ол өмірді қалай сүретіні маңызды болмайды -деген. Басқаша айтқанда , өмірдің мазмұны қойылған мақсаттармен анықталады. Біздің жасап жүрген іс-әрекеттеріміздің барлығы да мақсатты түрде жүзеге асырылады. Егер әрекеттің мақсаты болмаса, онда мәнді, мазмұнды болуы екіталай. Жасап жатқан әрекеттерімізге мақсат қана мағына береді. Мұғалім ең алдымен алға қойған мақсатын айқындап алғаны жөн. Егер мұғалім өмірде жоғары көрсеткіштерге жете алмай жүрсе, бұл оның өз алдына жоғары мақсат қоя алмауынан да шығар.
Берік Асаубаевтың пікірі бойынша Бүгінгі күннің ең басты нәтижесі – ертеңгі күнге бірлесе дайындалу. Мұғалімнің өз жұмысын жеңілдетудің ұтымды жолы- сабаққа бірлесе дайындалу. Мұғалім ертеңгі сабақ жоспарларын мектепке басқа педагогтармен бірлесе дайындалып,бір — бірімен ақылдасып, кеңесіп, бір –біріне ұсыныс жасап, сұрақтар қойып, оларға жауап беріп, қызу талқылау мен талдау ұйымдастыру.Кеңесіп пішкен тон келте болмайды, Көп түкірсе – көл демекші , жекелей жұмыс жасағаннан бірлесе еңбектенудің тиімділігі анағұрлым жоғары. Біріншіден мұғалімдер арасында әрекеттесу мәдениеті қалыптасады. Мұғалімдер сабақ жоспарларын бірлесе жасайтын болса, онда олар бір- бірінің сабақтарына қатысып, оларды талдағанда түсінушілік танытып, қатты сынға алмайтын болар. Өйткені олардың өздері де бұл сабақты дайындауға белсене қатысты емес пе?
Екіншіден , мұғалімдер арасында ынтымақтастық пен өзара сыйластық деңгейі бұрынғыдан да бетер өуі әбден мүмкін. Ырыс алды — ынтымақ, Ынтымақ – берекенің бастауы демекші егер ұстаздар ұжымында ауызбіршілік болмаса, онда олардың барлық әрекеттерінің зая кеткені. Психологтар былай деп тұжырымдайды: кез келген жұмыстың табыстылығы адамдармен қарым- қатынас жасау дағдыларына байласынысты. Табысты қызметкер – басқалармен қарым –қатынас жасай білетін адам. Табысты қызметкер – кез келген адаммен тіл табыса алатын адам.Демек, біз қарым-қатынас жасай білуіміз керек, сонда жұмыста табысқа жетуіміз ықтимал.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.